«25 күн ішінде төрт рет зорландым»: Қазақстанда психикалық орталықтар қорлау мен зорлық-зомбылықтың ошағына айналып бара ма?
Италия – әлем бойынша мемлекеттік психологиялық орталықтарын түгел жапқан ел. Елімізде 300 мың адам, соның ішінде, 45 мың бала психикалық денсаулық сақтау орталықтарында тіркеуде тұр. Тәні ауырғандар сияқты жаны ауырған ересектер мен балалар мұндай орталықтарда зорлық-зомбылыққа ұшырамай, сапалы ем алуға құқылы. Алайда, Қазақстандағы психикалық орталықтардың әуел бастан өздерін жабық мекеме етіп, ойына келгенін істейтін әдет тапқандай. Осы мекемелердегі ересектер мен балалардың бастан кешкендері жария болған сайын бұған сенбеске амал жоқ сияқты.