АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр

cover Фото: Pexels

Польшаның арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері Германияда АҚШ-тың «Жасыл береттері» әзірлеген оқу-жаттығуға қатысып жатыр, деп хабарлайды Onet басылымы.

Жаттығудың мақсаты — Украинадағы дрондар кеңінен қолданылатын соғыс тәжірибесін НАТО күштерінің дайындығына бейімдеу.

Жаттығу сценарийі бойынша поляк әскери қызметшілері қарсыластың қорғаныс шебін бұзып өтіп, Германияның ауылдық жерлері мен елді мекендері арқылы шамамен 100 шақырымды байқатпай жүріп өтуі керек. Кейін олар дрондардың көмегімен соққы жасайды. Әскери қызметшілердің қозғалысын дрондардан бөлек, үйлерге орнатылған камералар мен бейнебақылау жүйелері де бақылап отырады.

Бұл — АҚШ-тың НАТО-дағы одақтасы қатысып отырған осы форматтағы алғашқы оқу-жаттығу. Onet басылымының жазуынша, жаттығу альянстың Ресеймен қарым-қатынастың одан әрі шиеленісуіне дайындалып жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар онда Украина Ресейге қарсы соғыста қолданып жүрген тактика ескерілген.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар