Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
Исландия туы. Фото: envato.com
Исландияда Еуроодаққа кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастау туралы референдум өтті. Нәтижесінде халықтың 52,8 пайызы қарсы, 47,2 пайызы қолдап дауыс берді. Сайлаушылардың қатысуы — өте жоғары, 82,5 пайыз. Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасаған Orda.kz хабарлайды.
Бірақ бір қызығы — халықтан «Еуроодаққа кіресіздер ме?» деп сұраған жоқ. Сұрақ: «ЕО-ға кіру жөніндегі келіссөздерді қайта бастаймыз ба?» болды. Ал исландиялықтардың басым бөлігі: «Жоқ» деді. Неге? Ең басты себеп — балық.
Исландия үшін балық шаруашылығы жай ғана бизнес емес. Ол ел экспортының шамамен 40 пайызын береді. Халық Еуроодақтың ортақ балық аулау саясатына кірсек, өзіміздің теңіздегі ресурстарымызды басқару құқығынан айырылып қаламыз деп қорқады.
Исландия қалай күн көріп отыр?
Бұл елде Альтинг деп аталатын парламент бар. Мағынасы – жалпы жиналыс. Оның тарихы 930 жылдан басталады. Яғни Еуропаның көптеген қазіргі мемлекеттері қалыптаспай тұрған кезде-ақ, исландиялықтар халық жиналысын өткізіп, заң мәселелерін талқылаған. Альтинг бүгінде де елдің бір палаталы парламенті ретінде жұмыс істейді.
Исландия — парламенттік республика. Президенті бар, бірақ негізгі саяси билік парламент пен үкіметтің қолында. Үкіметті премьер-министр басқарады.
Исландияның тәуелсіздік тарихы да қызық. Ғасырлар бойы ел Данияның билігінде болды. 1944 жылы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, Исландия Даниямен одақты тоқтатып, республика болып жарияланды.
ЕО мәселесіне келсек, Исландия 2009 жылы, әлемдік қаржы дағдарысы кезінде, Еуропалық одаққа мүшелікке өтініш берген. Келіссөздер жүріп жатты. Бірақ 2013 жылы еуроскептикалық үкімет оларды тоқтатып тастады. Содан бері балық аулау құқығы ең үлкен даулы мәселелердің бірі болып қалды.
Айта кетейік, Исландия Еуропадан мүлдем оқшауланған ел емес, Еуропаның бірыңғай нарығына қатысады, Шенген аймағында әрі НАТО мүшесі. Бірақ Еуроодақтың толық мүшесі емес.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық