БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
Фото: Әлеуметтік желіден
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза болған қазақстандық апалы-сіңлілі Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денесі елге жеткізу үшін Дубайдан Қазақстанға жөнелтілді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың денелерін Отанына жеткізуді ұйымдастырған.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі қазақстандықтың өліміне қатысты тергеу Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары тарапынан жалғасып жатыр. Қазақстандық дипломаттар Әмірліктердің прокуратурасы және басқа да құзырлы органдарымен байланыста.
Министрлік марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Бұған дейін Ақжан мен Жұлдыз Боханованың Шарджа қаласында жұмыс істеп жүргені белгілі болған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, 20 және 22 жастағы қыздар Біріккен Араб Әмірліктеріне былтыр желтоқсан айында жұмыс істеу үшін барған. Олар сұлулық саласында еңбек еткен.
Туыстарының айтуынша, қыздар бұған дейін де Әмірліктерге барып, жұмыс істеген. Соңғы рет олар шамамен 10 күн бұрын жақындарымен байланысқа шыққан. Соңғы хабарламасында қыздардың жағдайы жақсы екенін айтқан.
Кейін олардың денесі Шарджадағы жалдамалы пәтерден табылған.
Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де тергеу мүддесіне байланысты істің егжей-тегжейі жарияланбайтынын хабарлаған.
Бұған дейін қаза болған қыздардың отбасы олардың өліміне қатысты толық ақпараттың жоқтығына алаңдаушылық білдірген. Кейбір ақпарат құралдарында туыстары қасақана өлім болуы мүмкін деген болжам айтқаны жазылды. Алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеу, марқұмдардың денесін елге қайтару және Әмірліктердің құзырлы органдарымен байланыс орнату мәселелерінде отбасына көмектескен.
Енді тергеу жұмыстарының қорытындысы мен қаза болған екі қазақстандықтың өлімінің нақты себептері анықталуы тиіс.
Қазақстан СІМ бұл істі бақылауда ұстап, Әмірліктердің прокуратурасы мен басқа да құзырлы органдарымен байланысты жалғастырады.
Біз бұған дейін қазақстандық әпкелі-сіңлілі қыздар Ақжан мен Жұлдыз Боханованың құрбысы Балнұр әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге жауап бергенін жаздық.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық