АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
Фото: CENTCOM
АҚШ Ормуз бұғазында орналасқан Иранның Ларак аралына бірқатар соққы жасады. Бұл – АҚШ-тың әскери науқанын тоқтатқаннан кейін шілде айының соңынан бері жасаған алғашқы шабуылы, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, соққылар Ормуз бұғазын миналауға дайындық жүргізген күштердің нысандарына жасалған.
Иранның Tasnim агенттігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жараланған.
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы (КСИР) жауап ретінде Иорданиядағы АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасағанын мәлімдеді. Иран тарапының дерегінше, нысанаға әскери инфрақұрылым мен америкалық жойғыш ұшақтар орналасқан орындар алынған.
Жаңа соққылар алмасуы аясында Дональд Трамп видео жариялап, онда бірнеше жарылыстың болғанын көрсетті. Ол Иранның Харк аралындағы әскери нысандардың жойылғанын мәлімдеді.
«Харк аралы күл-талқаны шықты», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Харк аралы Парсы шығанағында орналасқан және Иранның мұнай экспорты үшін стратегиялық маңызға ие. Алайда Трамп жариялаған видео жасанды интеллект көмегімен жасалған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық