«Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров сыртқы күштерден ақша алып, Қырғызстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын адамдарды қатаң жазалауды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қырғызстан басшысы бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының гарнизондық сап түзеу рәсімі кезінде мәлімдеді
«Біз арамыздағы сыртқы күштердің ықпалына еріп, олардан ақша алып, елдегі жағдайды ушықтырып, халық арасында үрей таратқысы келетін санаулы халық жауларын қатаң жазалауымыз керек. Мұндайларға рақым болмайды», – деді Садыр Жапаров.
Қырғызстан президенті елдің дамуының басты шарттарының бірі – қатаң тәртіп екенін атап өтті. Сондай-ақ күш құрылымдарынан жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті талап етті.
Жапаров құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, қызметкерлердің жалақысын көтеру, әлеуметтік қолдауды кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу қажеттігін де айтты.
Бұған дейін Қырғызстан билігі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтетіні хабарланған болатын.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 100-ден астам елден шамамен 3 мың спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Ойындардың бағдарламасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер көшбасшыларының саммиті 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Бішкекте өтеді деп күтілуде.
Қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 мемлекет мүше. Олар: Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық