Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстан әскерилері Сарышаған полигонында өткен оқу-жаттығуда С-300ПС зениттік-зымыран кешенін жердегі нысананы жою үшін қолданды. Зымыран берілген нысанаға сәтті тиген, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ашық аспан – 2026» бірлескен оқу-жаттығуы «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтті.
Оқу-жаттығу кезінде С-300ПС-тен бөлек, эшелонды әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің құрамында С-75 кешені де қолданылды. Әскери қызметшілер радиолокациялық құралдар мен радиоэлектрондық күрес кешендерін бірыңғай ақпараттық-барлау кеңістігіне біріктіруді пысықтады.
Негізгі міндеттердің бірі – әскери басқару органдары мен бөлімшелердің әуе шабуылы құралдарының жаппай соққысын тойтаруға дайындығын тексеру болды. Сондай-ақ авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және радиоэлектрондық күрес бөлімшелерінің өзара іс-қимылы, атыс тапсырмаларынан кейін позицияларды ауыстыру және жедел маневр жасау тәсілдері пысықталды.
Әскерилер әртүрлі типтегі дрондарға қарсы іс-қимылға да ерекше назар аударған. Бұдан бөлек, сыртқы нысана көрсету арқылы атыс құралдарын жасырын орналастыруды көздейтін әуе шабуылына қарсы тұтқиылдан соққы беру тактикасы сынақтан өтті.
Оқу-жаттығу барысында жасанды интеллект элементтері бар автоматтандырылған басқару жүйелері де сыналды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, алынған тәжірибе әуе қорғанысы күштерін даярлау мен қолдану жүйесін жетілдіруде пайдаланылмақ.
Оқу-жаттығуға Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Садықов жетекшілік етті.
Әуе қорғанысы әскерлерінің қолбасшысы Әділ Сүбебаевтың айтуынша, бөлімшелердің әуедегі жағдай жылдам өзгерген кезде үйлесімді әрекет ету қабілеті тексерілген. Оның сөзінше, оқу-жаттығу барысында қойылған міндеттер толық орындалған.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша әскери бөлімшелердің түрлі әуе жағдайында тапсырмаларды орындауға дайындығы бағаланды.
Оқи отырыңыз:
АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
Жаңалықтар
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
- Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
- Тоқаев Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астанада үш көлік соқтығысып, велосипедшіні қағып кетті
- Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап жеке мүдделері туралы декларация тапсырады
- 3600 метр биіктікте адасқан үш турист құтқарылды