Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Қайғылы оқиға 30 тамыз кешке Ақтауда Каспий теңізінің акваториясында болды. Серуендеуге шыққан катер жартасқа соғылып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Lada.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 22:56-да түскен. Катер 5А шағынауданы маңында жартасқа соғылған. Бортта жеті адам болған.
Құтқару операциясы кезінде бес адам жағаға шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Катерде болған тағы екі адам, алдын ала мәлімет бойынша, құтқару кеудешесін кимеген. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар жағадан шамамен 500 метр қашықтықтан екі адамның денесін тауып, судан алып шықты.
Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері, төрт техникасы және төрт жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиға орнында полицияның 10 қызметкері, төрт техникасы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және жедел жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқи отырыңыз:
АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық