Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдап, оған бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекет басшысы вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгенінжәне оның мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Ерлан Қаринге Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Президенттің атынан өкілдік ету тапсырылды.

Сондай-ақ вице-президент мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша мемлекет басшысының ұстанымын жеткізуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар