Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
Фото: gov.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына қатысты, оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер мен орынсыз пікірлер айтылып, мұның соңы буллингке ұласып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы жағдайға қатысты ойын білдірді.
«Мәдениет және ақпарат министрі ретінде мемлекет басшысы мәдениет және медиа саласы қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін жүйелі түрде шешіп келе жатқанын атап өткім келеді.
Алғашқы жылдары журналистерге пәтерлер редакциялар ұсынған тізімдер бойынша берілді. Кейінгі жылдардан бастап бүгінге дейін пәтерлер тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес, меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ сала қызметкерлеріне ғана беріліп келеді» деп жазды министр.
Министр түсінбеушілікке жол бермеу үшін мемлекеттік органдардың өкілдері мен Құрылтай депутаттары БАҚ өкілдерін қызықтырған мәселелер бойынша мүмкіндігінше қажетті түсініктеме беруі тиіс екенін атап өтті.
«Сонымен қатар кәсіби журналист жұмысының басты өлшемдерінің бірі – журналистік әдепті сақтау. Қудалау, жеке басқа тиісу, айла-шарғы жасау, елең еткізер тақырып үшін әдейі арандату кәсіби журналистке жараспайды» деп нақтылады Аида Балаева.
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағының тармақшасына сәйкес, кәсіби әдеп нормаларын сақтау – журналистің міндеті. Мұндай талап әлемнің барлық еліндегі журналистерге қойылады.
«Сыйластық сапалы журналистиканың дамуына әрдайым ықпал етеді.
Сондықтан барша журналисті бұзғаны үшін тиісті шаралар көзделген аккредиттеу қағидалары мен іс-шаралар регламентін ғана емес, кәсіби әдеп нормаларын да сақтауға шақырамын» деп жазды премьер-министрдің орынбасары.
Еске салсақ, бұған дейін Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеген болатын. Балаеваның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 4 739 адам трансплантация күтіп отыр, олардың ішінде 125 бала бар. Сонымен қатар операциялардың шамамен 90%-ы тірі туыстық донорлар есебінен жасалса, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлық үлесі 10%-дан да аз.
Оқи отырыңыз:
- Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық