Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
REUTERS/Navesh Chitrakar
Непалдың Читван ауданында жойқын тасқыннан қаза тапқан, әзірге жеке басы анықталмаған жүздеген адамның мәйіті жаппай жерленіп жатыр. Құтқарушылар өзендер мен үйінділерден құрбандардың денесін әлі де іздеп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz
Reuters агенттігінің мәліметінше, Непалдың орман-тоғайы мен өзендерімен танымал Читван ауданы жойқын тасқыннан қаза тапқан жүздеген адамның мәйіті жерленіп жатқан орынға айналды. Су тасқыны Гималай өңірін бірнеше күн бұрын жайпап өткен.
Жаппай жерлеу жұмыстары жақында ғана тұрғындар таңертең серуендейтін орман соқпақтарының бойында жүргізіліп жатыр. Көптеген мәйіттің қатты шіріп кеткені сонша, олардың жеке басын анықтау мүмкін болмай отыр.
«Біздің басқа амалымыз қалмады. Мәйіттердің тез ыдырауы халықтың денсаулығына қауіп төндіреді деп алаңдадық. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болдық», – деді Читванның Бхаратпур аудандық әкімшілігінің басшысы Ганеш Арьял.
Сенбі күні билік орманға жеке басы анықталмаған 96 адамның мәйітін жерледі. Ал жексенбіде тағы 100-ден астам адамды жерлеу жоспарланған. Бұл уақытта іздеу-құтқару топтары өзендер мен қираған ғимараттардың арасынан құрбандардың денесін іздеуді жалғастырып жатыр.
Апат Непал мен Қытай шекарасындағы аңғарларды шарпыған жойқын тасқыннан кейін болды. Табиғи апат салдарынан шамамен 800 адам қаза тауып, 3 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен.
Қаза тапқандарды анықтау жұмыстарына шамамен 100 құтқарушы, полиция қызметкері және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жұмылдырылған. Мамандар мәйіттерді суретке түсіріп, қажетті деректерді тіркеп, марқұмдарды тануға туыстарына көмектесіп жатыр.
Непал билігі жеке басы анықталмаған мәйіттерден ДНҚ үлгілерін де жинады. Бұл кейін олардың кім екені анықталған жағдайда, мәйіттерді эксгумациялап, туыстарына беруге мүмкіндік береді. Жеке тұлғаны туыстарының өтініші, ресми құжаттар немесе генетикалық сараптама арқылы анықтау жоспарланып отыр. Үндістан Непалға ДНҚ үлгілерін зерттеуге көмектесу үшін сот-медициналық сарапшылар тобын жіберді. Непал билігі бұл бағытта Қытай мамандарымен де байланыста.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын тасқыннан кейін Қазақстанның екі азаматы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Тағы бір қазақстандық туристің табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін екені хабарланған.
Оқи отырыңыз:
Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық