Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
Фото: Бейнежазбадан кадр
30 тамызда Солтүстік Кипр жағалауына жақын теңізде 259 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесі болған кеме аударылып қалды. Апат салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Халықаралық қауымдастық мойындамайтын Солтүстік Кипрдің премьер-министрі Онал Үстелдің айтуынша, Filo Jet паромы жергілікті уақытпен түсте Кирения портынан шыққан. Кеме келесі күні Түркияға аттануы тиіс болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты сапар кейінге шегерілген.
Порттан шамамен төрт теңіз милі қашықтаған кезде қатты толқынның салдарынан кеме аударылып кеткен.
Кирения қаласының мэрі Мұрат Шенқұлдың мәліметінше, кемеден 159 адам эвакуацияланған. Ол жағдайды «өте ауыр» деп сипаттады.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық