«Нұрғанат мылтықты оқтап жатты»: Калашников мылтығы мен «Хутор» жазбасы кімге тиесілі?
Фото: Нұрқияс Ілиясовтың әлеуметтік желісінен алынды
Бүгін, 16 мамырда Шерзат Полаттың сотында күдіктілерден жауап алу жалғасуда. Алайда, бесінші сотталушы Дидар Қалиахмет бүгін жауап беруге дайын емес екенін айтты. Дәл қазір сот алдында алтыншы сотталушы Нұрқияс Ілиясов жауап беруде, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрқияс Ілиясов сот алдындағы жауабында Ғайыпбаевтың мылтықты атып, оқтап жатқанын көргенін айтты. Еске сала кетейік алдыңғы төбелес түскен бейнежазбада Шерзат пышақталған соң Ғайыпбаев оны қорғауға тырысып жатқанда оны мылтықтың сабымен белгісіз біреудің ұрғанын көрген едік. Бүгін сол адам Нұрқияс Ілиясов екенін өзі сотта мойындады.
«Біз жігіттермен дүкен алдына тұрған кезде біреу қоңырау шалды. Мен сол кезде Нұрбол Тоқтаубаевты біреу ұрды деп естідім. Ал Дархан Әскентайды танымаймын. Дүкен алдына не үшін ұрды деп мән-жайды сұрауға барғанымда Шерзат мені ұрып жіберді. Артынша Қаржаубай пышақ алып шықты. Ары қарай төбелес басталғанда оқтың дауысын естідік. Мылтықты Ғайыпбаев Нұрғанат атты, ол "атамын,өлтіремін" деп айқайлады. Сосын мен мылтықты Ғайыпбаевтың қолынан тартып алдым да, оны мылтықтың сабымен ұрдым. Өйткені ол бірінші оқты ауаға атты, екінші оқты біз жаққа, ал үшінші оқты мылтыққа көз алдымда салды», — деп айтты Ілиясов.
Сонымен қатар, адвокат Мейірман Шекеев сотталушының әлеуметтік парақшасында «Калашников» мылтығымен «Хутор» атты сипаттамадағы сурет жайында сұрап жатқанда сотталушы жауап беруден бірден бас тартты.
Еске сала кетсек, 4 қазан күні Талғардағы «Қамажай» дүкеніне бір топ адам келіп, дау туып соңы дүкен иесінің баласы 16 жастағы Шерзаттың өлімімен аяқталған еді.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетті.
9 желтоқсанда оқиға орнында болған жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі Шерзаттың зиратының маңынан табылды.
Атышулы істен кейін журналистер Талғарға барып түрлі зерттеулер жасады. Халық арасында сауалнама жүргізгенде көбінің жауап беруден сескеніп, хуторлық бұзақылардың бар екені жайлы айтқан болатын. 4 қарашада марқұм Шерзаттың өлімінен кейін «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың серкелерінің бірі деп аталып кеткен Хасан Қасымбаев ұсталған еді. Оны полиция 2021 жылы біреудің денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін ұстады. Хасан Қасымбаевтың інісі Ержан Қасымбаев 2017 жылдан бері кеденші Медет Жамашевті өлтіргені үшін түрмеде отыр. Ал Шерзаттың өлімінен кейін, 15 қазанда Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырған Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды. Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырғанына екі жылдан асқан. Оған дейін ол Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. Дәл осы күні15 қазан Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Назарларыңызға айыпталушылардың тізімін ұсынсақ:
- Абзал Шынасыл - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-бап 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап);
- Равиль Сакиев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап 2-бөлігі);
- Шыңғыс Белғожаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Дархан Әскентай - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Нұрқияс Ілиясов - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Нұрбол Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Дидар Қалиахмет - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Азамат Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- Думан Ыскақ Кайдарұлы - кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Бүгінгі сотта Азаматтан Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды. Оның сот алдындағы жауабын мына жерден оқыңыз.
Еске сала кетсек, бұған дейін Азамат Тоқтаубаевтың ағасы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берген болатын. Оның айтуынша, оқиға кезінде досы Дархан көмек сұрап, көзінен жарақат алғанын айтып, дүкенге шақырған. Ол өзін және інісі Азамат Тоқтаубаевты тергеушілердің ұрып-соққанын, қысым көргенін айтып, алғашқы жауабынан бас тартты. Ал оның алдында Дархан Әскентай сот алдында жауап берген болатын. 4 қазан күні марқұм Шерзат оны жұдырықпен бір ұрған соң, Дархан Әскентай осы Нұрбол Тоқтаубаевты шақырған болатын.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады. 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты. Оған дейінгі сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Жаңалықтар
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады