Шерзат ісі: Азамат Тоқтаубаевтың бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды
Коллаж: Orda.kz
Талдықорғанда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр. Бүгін сот отырысында прокурор Азамат Тоқтаубаевтың неліктен пробациялық шешімді бұзғанын сұрады. Оның бұған дейін бір емес, төрт рет істі болғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Азамат Тоқтаубаев өзінің пробациялық бақылауда емес үйқамақта болғанын және денсаулығына байланысты дәріханаға баруға тура келген соң, сыртқа шығуға мәжбүр болғанын айтты. Осылайша өзінің заң бұзғанын мойындады.
Азамат Тоқтаубаев Шерзат Полат ісі бойынша уақытша ұстау изоляторында отырғанда үйқамақта отырған ісі бойынша 7 жылға үкім шыққанын айтты.
Тоқтаубаев бұрын 106-бап, яғни «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» фактісі бойынша істі болған.
Азамат Тоқтаубаев — 2017-2018 жылы, 2022 жылы және 2024 жылдары істі болған. Оған соңғы ісінде 7 жылдық үкім шыққаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, 4 қазан күні Талғардағы «Қамажай» дүкеніне бір топ адам келіп, дау туып соңы дүкен иесінің баласы 16 жастағы Шерзаттың өлімімен аяқталған еді.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм Шерзаттың үйі өртеніп кетті.
9 желтоқсанда оқиға орнында болған жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі Шерзаттың зиратының маңынан табылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Азамат Тоқтаубаевтың ағасы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берген болатын. Оның айтуынша, оқиға кезінде досы Дархан көмек сұрап, көзінен жарақат алғанын айтып, дүкенге шақырған. Ол өзін және інісі Азамат Тоқтаубаевты тергеушілердің ұрып-соққанын, қысым көргенін айтып, алғашқы жауабынан бас тартты.
Назар аударарлық жағдай: «Хуторлық емеспін, пышақ ұстамадым» деген Нұрбол Тоқтаубаевты судья сөзінен ұстады.
Ал оның алдында Дархан Әскентай сот алдында жауап берген болатын. 4 қазан күні марқұм Шерзат оны жұдырықпен бір ұрған соң, Дархан Әскентай осы Нұрбол Тоқтаубаевты шақырған болатын.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық