«Хуторлықтар» біздің көршімізді пышақтап, атып өлтірген – Қаржаубай Нұрымов

Талдықорғанда 16 жасар Шерзаттың өліміне қатысты сотта Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова, анасы Гүлбара Бишімбиева жауап берді. Үшінші болып әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Orda.kz тілшісі сот залынан тікелей ақпарат таратып жатыр.
Әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын көргенін айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куәгер болып жазадан құтылған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Қаржаубай Нұрымов прокурорға қайғылы оқиға болған түнде не болғанын айтты. Әкесімен кикілжіңге келген Дархан Әскентайды Шерзат бір рет ұрған. Сол үшін ол «балаларды шақырамын, ұлың денсаулығынан айрылады» деп қорқытқан екен.
«Сол түні сегіз бен тоғыздың шамасында мен дүкенде болдым. Дархан Әскентай келіп сыра алды. Жасаған аудармасы маған Светлана деген кісіден түсуі керек деген еді, алайда Қалтаевтан түсті. Айтты да, көрсеткен соң дүкеннен шығып кетті. Әскентай дүкенге келгенде масайып қалған. Менің балам Шерзаттың кешке қарай дүкенге келген себебі — досы Ахмет Махмедтің шетелге оқуға кетіп бара жатыр екен. Соны шығарып салу үшін, сусын аламыз деп келді. Бастапқыда Дарханмен жақсы сөйлестік. Ол кейін сырт жақта Дарханмен сөзге келіп қалғанымызды көріп қалып, шығып ұрып жіберді. Кейін Дарханнан мен кешірім сұрадым, бірақ ол кешірім бермеді. «Балаларды шақырамын, балаң істегеніне жауап береді, денсаулығынан айрылады” деді. Содан ол балаларды ертіп келем деген соң, мен де үйге хабарласып, Нұрқанатты дүкенге шақырдым», — деді Қаржаубай Нұрымов.
Ол «Шерзат бір баланы ұрып жіберді, басқа жігіттерді ертіп келем деп жатыр» деп Нұрқанатты шақырғанын мәлімдеді.
«Сол кезде Дархан Әскентай қасымда тұрып телефонмен жан жаққа хабарласып жатты. Бір естігенімде Нұрбол деген жігітті шақырып жатты, ол мас келді. Бірінші Нұрбол келді, артынан Нұрқанат келді. Содан олармен Нұрқанат сөйлесе бастады. Мен баламды құтқару үшін Дарханды мен ұрдым деп айттым. Ол айқайлап: «Не бізді танымайсыңдар ма? Мен Нұрболмын, Хуторскиймін» деп дікеңдей бастады», — деді Қаржаубай.
Содан ол Нұрболға ақшаның Дархан әу баста Светлана дегеннен түсетінін айтқанын, бірақ басқа адамнан түскенін айтып түсіндірген. Қаржаубайдың сөзінше Нұрбол онымен дөрекі сөйлескен.
«Мен олармен, Нұрболмен дөрекі сөйлеспедім. Дархан Нұрболға дұрыс емес ақпарат берген. Ол оған жай далада тұрғанда келіп Шерзат ұрды деп, бізге қарсы айдап салды. Сол кезде мен дүкендегі май кесетін пышақты алып шықтым, бізге Нұрболды айдап салған соң», — деді Қаржаубай.
Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымов «Хуторлықтардың» атын естігенде жұрттың қорқатынын, өйткені олар көршілерінің бірін өлтіріп кеткенін айтты. Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ тергеу барысында «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың барын жоққа шығарған болатын.
Сол арада кәмелеттік жасқа толмаған баланың келгенін айтты. Қаржаубай оның мас болмағанын айтты. Сау бала бәрін ұққандай болған соң, жағдайды Нұрболға түсіндіру қажет екенін оған айтқан. Сол арада үш көлік келген. Содан Қаржаубай, Нұрқанат, кәмелеттік жасқа толмаған бала үшеуі дүкенге кірген.
«Дүкенде жауып кетейік дедім, бірақ олар бәрібір ізімізден үйге іздеп келеді деп ойладық та, барлығын осы жерде шақырған жігіттерімен сөйлесіп, шешпек болдық. Дидар Қалиахмет төбелес ішінде болды. Hiundai көлігінен Равиль түсті, сол кезде Нұрқанат оны таныды. Осыған дейін жас кездерінде бір келіспеушілектері болған екен. Сол арада тағы да Шерзаттың достары да келе бастады, мен ол кезде оны Шерзат шақырды деп ойладым, артынша олар әу баста дүкенге келмекші болған екен. Достарын шетелге шығарып салу үшін дүкенен сусын алуға жиналмақ болған екен. Олар сол төбелес баталғанда келіп қалды. Нұрқанатты Равиль шетке алып кетті. Артымнан дүкенге үш жігіт келіп, сыра алмақшы болды. Мен дүкенді жабам дедім. Нұрбол бізге әу баста-ақ «Хуторский» дегенде-ақ қорықтық. Мен дүкенді жауып жатқанда Ахмедтің дауысы шықты қарасам біреуі соны ұрған екен. Ахмед Шерзаттың — досы. Содан төбелес басталып кетті», — деді Қаржаубай.
Қаржаубай Нұрымов Шерзатқа пышақ тығып жатқан сәтті көрмей қалғанын айтты.
«Бір қарасам, Нұрқанатты Ахмед тепкінің арасынан ажырата алмай жатыр екен. Мен Абзалдың Шерзатқа пышақты қалай тығып жатқанын өзім де көрмей қалдым. Бір қарасам ар жақта анам мен әйелім келген екен. Анам арықтың ішіне құлағанын көрдім, әйелімді екі жігіт қолынан ұстап тұрғанын көрдім. Шерзатты пышақтағанымен, қоймай, Нұрқияс мылтықпен ұрып жатқанын көрдім. Бүгін анасы сотта қорғаштап жатқан дәл осы Нұрқияс Шерзатты мылтықпен ұрып жатты. Баламның қасына барсам жауырынынан пышақ сұққан екен. Ол маған: «бір нәрсе сұғып алды папа, ауырып жатыр» деп айтып жатты», — деді Қаржаубай сәл көзіне жас алып.
Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың ақтық демін алып жатқан сәттерін айтып берді.
«Нұрқанат пен Шерзат та ес түссіз жатты. Бір қарасам, содан көршілер шыға бастағанда балалар жан-жаққа қашып бара жатты. Баламның жанына келіп, қарасам тамыр соғысы бар екен. Содан мен көлікке салып ауруханаға өзім апаруға әрекет жасадым. Равиль, Абзал, Шыңғыстың қолынан пышақ көрдім. Ол маған бір-екі рет жарақат салды, Азаматтың қолынан пышақ көрдім», — деді Қаржаубай Нұрымов.
Қаржаубай баласының ауруханаға апара жатқанда тамыр соғысы болғанын, жолда тоқтап оған реанимация жасағанда жан тапсырғанын айтты.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Шерзат ісі: Ағайынды Тоқтаубаевтар мен кім-кімді аяусыздықпен ұрды?
- «Нұрғанатты да, Шерзатты да, Қаржаубайды да ұрмадым»: Азамат Тоқтаубаев сотта жауап берді
- Ердоған мен Зеленский жанында: Анкара манында зілзала болды
- Көксу өзеніне құлап кеткен ер адамның денесі табылды
- Әйелін терезеден лақтырған майор: Қызылордалық полицей жас жұбайын мүгедек етті
- Қорқытып, кейін соққыға жыққан: «Дикий Арманның» досы мен оның бандасы сотталды
- «Аяушылықпен тебу, хуторлық емеспін, пышақ ұстамадым»: Нұрбол Тоқтаубаевты судья сөзінен ұстады
- Қадыровқа қарсы шыққан: Алматыда шешен белсендісі ұсталды
- «Тергеушілер мені де, інімді де ұрды»: Шерзаттың сотында Нұрбол Тоқтаубаев сөйледі
- Мигрант зейнеткердің денесін бөлшектеп тастаған
- Зеленский Стамбұлдағы келіссөздің сәтсіз өтетініне сенімді
- Шерзаттың соты: Дархан Әскентай адвокатынан бас тартты
- Имам ер адамдарға гинеколог болу харам екенін айтты
- Шерзаттың ісі: Күдіктілердің адвокаттары істі қайта тергеуді сұрады
- «Қылмыс әлемінің серкесіне қаржы бөлді»: Амандық Баталовтың күйеу баласын Қырғызстанда іздеп жатыр
- Анасының жанайқайы: Сотта Шерзатты жабылып ұрған сәттің видеосы көрсетілді
- «Фашист, нацист»: Қазақша мәзір беруден бас тартқан кафе кешірім сұрады
- Шавкат Рахмонов Өзбекстан азаматтығын алды – UFC
- «Уыс-уыс шаш, жұлынған тырнақ»: Ақнәрдің өлімін полиция жылы жаба салмақ па?
- «Қауіпті»: Америкалықтар Temu бағдарламасын сотқа беріп жатыр