«Хутор басшысы» Талғар әкімдігіндегі лауазымынан айырылды
Фото: Gov.kz
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болып отырғанына екі жылдан асқан. Оған дейін ол Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.
Талғар тұрғындары кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың қатысы бар деп отыр. Ал бұл топты ағайынды Хасан, Аслан және Ержан Қасымбаевтар басқарады деген қауесет бар. Тергеу әлі жалғасып жатқанымен, полиция мұндай топтың барын жоққа шығарды.
Айта кету керек, ресми сот кабинеті дерегінше Аслан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Нұрғайыпұлы Қасымбаев «адам өлтіру» бабы бойынша істі болған. Ол кеден қызметкері Медет Жамашевты қасақана өлтірді деп айыпталған.
Еске салайық, бұған дейін Аслан Қасымбаевтың інісі Хасан Қасымбаев Orda.kz тілшісіне сұхбат бергенін хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық