«Аяушылықпен тебу, хуторлық емеспін, пышақ ұстамадым»: Нұрбол Тоқтаубаевты судья сөзінен ұстады

cover Фото: Orda.kz

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша басты айыпталушылардың бірі — Нұрбол Тоқтаубаев сот алдында жауап бере бастады. Ол бұрынғы жауаптарынан бас тартып тергеушілердің қысым көрсеткенін айтты. Алайда сұрақ қою кезінде судья оны сөзінен ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Біз бұған дейін Нұрбол Тоқтаубаевтың өзін және інісін опер қызметкерлері мен тергеушілердің ұрғанын айтып, бұған дейін берген жауаптарынан бас тартқанын жазған едік. 

«Қаржаубай «Менімен шық» деді. «Менімен шықпасаң, баламмен шық» деді. Біресе «балам ұрды» деді. «Тағы да пышақ тақады». Ол жерде ешқандай да өзімді «95 хуторлықпын» деп таныстырған жоқпын. Мен өзім 1996 жылғымын. «Денсаулық қойып тастайсың» деген әңгіме болған жоқ. Ондай сөз ешқандай іс құжатта жазылмаған. Мен бұрын соңды сотталмағанмын. Мәселенің тыныш жағымен, бір жақты қылып кету керек болғанбыз», — деген еді Нұрбол Тоқтаубаев. 

Енді соттың сұрақтарына қалай жауап бергенін назарларыңызға ұсынамыз.

Судья неге кетіп қалмағандарын сұрағанда ол Шерзаттың кешірім сұрағанын күткендерін айтты. «Шерзаттың кешірім сұрағаны қатты керек болды ма?» деп сұрағанда Тоқтаубаев үнсіз қалды.

Судья Жанұзақов айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевқа Ғайыпбаевты ұрғанына қатысты сұрақ қойды.

— Ғайыпбаевты тептіңіз. Бұл әрекетіңізді дұрыс деп ойлайсыз ба? — деді судья.

— Дұрыс деп санаймын. Себебі ол бізге мылтық атты, — деп жауап берді Тоқтаубаев.

Бірақ судья бұл жауаппен тоқтап қалмады.

— Ғайыпбаевты тептіңіз, ал полиция қызметкерлері сізді ұрды. Олардың әрекеті дұрыс емес па? — деді ол.

— Олар аяусыз ұрды, — деді Тоқтаубаев.

Судья:

— Сонда сіз аяушылықпен тептіңіз бе?

Бұл сұраққа Тоқтаубаев жауап бере алмады.

Еске сала кетсек, Нұрбол Тоқтаубаев соттағы жауабында «хуторлық» бұзақыларға қатысы жоқ екенін айтып, тергеушілердің өзін ұрғанын, қысым көрсеткенін айтқан болатын. Оның сот алдында берген жауабын бастан аяқ осы сілтемеден оқыңыз.

Ал оның алдында Дархан Әскентай сот алдында жауап берген болатын. 4 қазан күні марқұм Шерзат оны жұдырықпен бір ұрған соң, Дархан Әскентай осы Нұрбол Тоқтаубаевты шақырған болатын. Сонымен дау шығып, бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.

Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.

Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.

Назарларыңызға айыпталушылардың тізімін ұсынсақ:

  • 1. Абзал Шынасыл - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-бап 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап);
  • 2. Равиль Сакиев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап 2-бөлігі);
  • 3. Шыңғыс Белғожаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
  • 4. Дархан Әскентай - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
  • 5. Нұрқияс Ілиясов - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
  • 6. Нұрбол Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
  • 7. Дидар Қалиахмет - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
  • 8. Азамат Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
  • 9. Думан Ыскақ Кайдарұлы - кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.

Оқиға орнында болған Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекова және Санат Абдықадыр куәгер болып, сот алдында жауап берді. Санат Абдықадырдың жауабы марқұм жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабындағы Чиканың сөзімен ұқсас болып қалған еді. Сотты көріп отырған қазақстандықтан оны Чиканың өзі деп біліп, түрлі жағымсыз пікірлер жаза бастады. Тілшіміз осының анық-қанығын білу үшін Санат Абдықадырдың өзімен жолығып, сұхбаттасқан еді. Ол бәрін жоққа шығарып, «шыбынды да өлтірмейтінін» айтты.

Бүгін Нұрбол Тоқтаубаев сот барысында Чика деген лақап атты адамның кім екенін түсіндірді. Оның айтуынша Шыңғыс Белғожаевқа хабарласып, інісі Азамат Тоқтаубаевты шақырмақшы болған кезде оған Чина деп хабарласқанын Ғайыпбаев естіген екен. Оны Ғайыпбаев басқаша Чика деп есітіп, түсініспеушілік болды. Ал куәгер Санат Абдықадырдың төбелеске араласпағанын оның тікелей дүкенге кіріп кеткенін айтты.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар