«Екі қыз тас атты»: Шерзаттың анасы қанды түні болған сұмдықты жайып салды
Фото: Orda.kz
Талдықорғанда 16 жасар Шерзаттың өліміне қатысты сотта әуелі Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадырова жауап берді. Қазір марқұм Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева жауап беріп жатыр. Ол куәгер болып жазадан құтылған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Шерзаттың әжесі баласына топ болып жабылып жатқандарды көргенін, Гүлбараны екі жақтан екі адам ұстап тұрғанын айтқан еді. Гүлбара Бишімбаева да тура сондай куәлік беріп, сол қанды түні не болғанын бүкпесіз айтты.
«Қаржаубай қоңырау шалып, Нұрқанатты оятып, Шерзат бір баланы ұрып жібергенін, ал ол келген жігіттерді Нұрқанат танитынын айтты. Қаржаубай уайымдамаңдар деді. Бірақ біз шыдамай үйден әжесімен бірге шығып кеттік», — деп сөзін бастады Гүлбара.
Ары қарай оның қолынан ұстап тұрып, баласына жібермей, марқұмды жабылып ұрғанын айтты.
«Сол жерге барғанда біз бір топ баланы көрдік. Бірінші барғанда мен Шерзатты ұрып жатқанын көрдім. Төбелес басталып, Шерзатқа барлығы жабылды, мені оған жібермей қолымнан ұстап тұрды. Ақырында мен олардан сытылып шыққанда Шерзат маған: «мама қараңызшы, маған бір нәрсе сұғып алды» деп айтты. Сол жерде Шерзаттың да, Нұрқанаттың да жараланғанына қарамастан ары қарай тепкілеп жатты», — деді анасы Гүлбара.
Гүлбара екі рет атылған мылтықтың даусын естігенін айтты.
«Қайын інім Нұрқанат пен Шерзатты жараланған соң, қорғап жатсам да, Абзал бастаған жігіттер ұрып жатты. Сотталушыларда пышақ бар екенін көрдім. Ал мылтықты кім әкелгенін көрген жоқпын. Тек екі рет дауысын естідім. Нұрқанатты сол жерде ары бері сүйрелеп жүрді», — деді Гүлбара.
Сонымен қатар анасы, Абзал мен Нұрқияс оған «сені де өлтіреміз» деп айтқанын баяндады. Ол оқиға кезінде мылтықты кімнің ұстап жүргенін көргенін айтты.
«Мен мылтықты нақты кім әкелгенін білмеймін, бірақ төбелес арасында Нұрқияс ұстап жүргенін көрдім», — деді Гүлбара.
Гүлбара осы істе кейін куәгер болып отырған, бұзақылармен бірге жүрген Жақсыгелді мен Нұрбекованың өзіне тас атқанын айтты.
Екі қыз шырылдаған ананың жедел жәрдем шақыру туралы өтінішін елемеген көрінеді.
«Сонымен қатар, оқиға орнында болған екі қыз маған тас атты, мен сендер де анасыңдар ғой, жедел жәрдем шақырыңдар дедім, олар түк те істеген жоқ», — деді Гүлбара.
Сонымен қатар, Шерзаттың анасы Дархан Әскентайдың Қаржаубайдың бетінен бөтелкемен ұрғанын көргенін айтты.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген