Әскерге көшеден бас салып алып кете беруге бола ма? Заңгер жауабы
Коллаж: Orda.kz
Еліміздегі әскер жасындағы жігіттер көшеге шығудан қалды. Себебі еш шақыру қағазынсыз көшеден бас салып әскерге алып кетіп жатқан жағдайлар көбейді. Кез-келген жерден ұстап алып қылмыстық жауапкершілікпен қорқытады. Бұл жағдай халықты қатты алаңдатып, қазіргі күні резонанс тудырып, ата-аналардың қорқынышына айналды. Бұл қаншалықты заңды? Осы сұраққа қатысты Orda.kz заңгер пікірін білді.
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны тағы да айқай-шу мен бораған шағымдармен қатар жүріп жатыр. Жастарды көшеден ұстап, еш сұрауы мен құқығы жоқ адамдай әскери комиссариатқа алып кетіп жатқаны туралы әңгіме көбейді. Осы жағдай аясында заңгерлік көмекке сұраныс артып, сонымен бірге әскерге шақырылушылардың қорқынышынан пайда табатындар да көбейген.
Осы орайда Orda.kz тілішісі заңгермен сөйлесіп, мұндай әрекеттердің қаншалықты заңды екенін, шақырылушылардың қандай құқықтары бар екенін және алаяқ компанияларға қалай алданбау керегін сұрап білдік.
Еске сала кетейік, жуырда Атырауда түнгі рейд өткен, әскер жасындағы жігіттер ойын клубтарынан ұсталып, тікелей әскери комиссариатқа жеткізілген. Қорғаныс департаменті бұл әрекеттерді шақыру науқаны аясындағы жоспарлы шаралар және деректерді нақтылау деп түсіндірді. Ал шақырылушылар өздерін еш түсіндірусіз алып кеткенін, кейбірінің телефонын алып қойғанын айтып шағымданған.
Осы жағдайларға байланысты редакция бұл әрекеттердің заңдылығын анықтау үшін сарапшыдан түсініктеме сұрады.
Көшеден «қойша қамап» алып кетуге бола ма?
Заңгер Анатолий Бахиревтің айтуынша, адамды көшеден еш түсіндірусіз «алып кету» көп жағдайда заңсыз. Оның айтуынша, әскерге алып кету шақыру қағазынан басталуы тиіс. Ол қол қойдыру арқылы жеке табысталады немесе ресми түрде жіберіледі. Тек адам шақыру қағазын алып, келмеген жағдайда ғана оны полиция арқылы іздеп, жеткізуге болады.
«Жай ғана көшедегі адамды тоқтатып, медициналық комиссияға алып бару — бұл еркін жүріп-тұруды шектеу, яғни адам құқығын бұзу», — дейді заңгер.
Әскерге шақыру тәртібі нақты белгіленген: алдымен шақыру қағазы, кейін келу, одан соң медициналық тексеріс және тек содан кейін ғана комиссия шешімі шығарылады. Алайда тәжірибеде бұл процесс жиі «бір күнге қысқартылып» жатады.
«Көбіне заңбұзушылықтар «жедел шақыру» кезінде болады, яғни медициналық тексерісті бір сағатта өткізіп, шақырылушының ауру тарихын ескермейді».
Медициналық комиссия да — маңызды нәрсе. Формалды түрде шақырылушы оны өтуге міндетті. Бірақ оның толық тексерістен өтуге құқығы бар және диагнозбен келіспесе, қосымша тексеріс талап ете алады.
Заңгердің айтуынша, тәжірибеде көріп отырғанымыздай шағымдар мен бұрынғы диагноздар ескерілмейтін жағдайлар өте көп, әсіресе созылмалы аурулар мен жарақаттарға еш мән берілмейді.
«Қол қой, әйтпесе қылмыстық іс қозғаймыз»
Егер адамды бәрібір әскери комиссариатқа алып кетпек болса, Бахирев сабыр сақтап, барлық жағдайды тіркеуге кеңес береді. Қарсылық көрсетудің қажеті жоқ, бірақ өз құқықтарыңызды нақты айту маңызды.
«Видеоға түсіріңіздер, құжаттарды талап етіңіздер, жақындарыңызға хабарласыңыздар және күйзеліс жағдайында ештеңеге қол қоймаңыздар».
Мұндай жағдайда туыстар да тез әрекет етуі керек, әрине олар сол кезде хабардар болса... себебі көбіне ата-аналар балаларын әскерге алып кеткен соң ғана естіп жатады. Ал уағында естіп жатса, олар әскери комиссариатқа барып, заңгер тартып, медициналық құжаттарды жеткізуі қажет.
Егер рәсім бұзылса, прокуратураға немесе сотқа шағым беруге болады.
Тіпті адамды әскерге алып кеткен жағдайда да, ештеңе өзгермейді деген сөз емес. Заңгердің айтуынша, мұндай шешімдерге шағымдануға болады. Мысалы, шақырылушының ауруы болса немесе рәсім бұзылса. Бірақ бұл ұзақ процесс.
Көбіне заңгерге түсетін шағымдар ұқсас: шақыру қағазынсыз алып кеткен, толық медициналық тексеріс жүргізілмеген, диагноз ескерілмеген немесе құжаттарға мәжбүрлеп қол қойдырған.
«Сондай-ақ психологиялық қысым жиі болады: «қол қой, әйтпесе қамаймыз» дейді. Бұл — қоқан-лоққы. Көпшілік осыған алданып, неге қол қойып жатқанын оқымай-ақ, қол қояды. Бұл — ең үлкен қателік», — дейді Бахирев.
Шақырылушылар арқылы ақша табу
Осы жағдай аясында «шақырылушыларға көмек» ұсынатын жеке компаниялар көбейіп кеткен. Солардың бірі — Prizivanet.kz. Олар заңгерлік сүйемелдеу, құжат көмегі мен құқықтарды қорғау қызметін ұсынады.
Заңгердің айтуынша, мұндай көмек өздігінен заңды — егер ол кеңес беру мен құқық қорғау аясында болса ғана. Бірақ оның да шегі бар.
«Егер «әскери билетті сатып алып береміз» немесе «керекті адамдармен келісеміз» десе — бұл таза алаяқтық немесе сыбайлас жемқорлыққа қатысу», — дейді ол.
Мұндайда шақырылушылар үшін негізгі қауіп — ақшадан айырылу. Кейбір компаниялар нәтиже уәде етеді, бірақ келісімшартта тек «кеңес беру қызметтері» ғана көрсетіледі. Нәтижесінде адам ақша төлейді, бірақ ештеңе шешілмейді.
Заңгердің айтуынша, тек нақты негіз болған жағдайда ғана маманға жүгінген дұрыс — мысалы, денсаулық мәселелері немесе рәсімнің бұзылуы. Егер ондай негіз болмаса, ешбір заңгер заңды түрде әскерден босата алмайды.
Жалпы, Бахиревтің пікірінше, мәселе заңда емес, оны қолдануда.
«Заң нақты жазылған, бірақ тәжірибеде жиі бұзылады. Шақырылушы — жай нысана емес, құқық субъект», — дейді ол.
Оның айтуынша, жағдайды цифрландыру өзгерте алады: электронды шақыру қағаздары, ашық медициналық тексеріс және шешімге онлайн түрде шағымдану мүмкіндігі. Сондай-ақ, қазіргі таңда елде eGov порталы жұмыс істейді, онда өз мәртебеңізді тексеріп, кейінге қалдыру қызметтерін онлайн алуға болады.
Айта кетейік, Қазақстанда әскерге шақыру жасындағы жастарды күштеп алып кету жағдайлары бұрыннан айтылып келеді. 2025 жылдың жазында әлеуметтік желілерде көктемгі шақыру кезінде жаппай ұсталғандар туралы шағымдар тараған. Видеоларда жігіттерді күшпен әскери комиссариатқа алып кетіп жатқан сәттер көрсетілген.
Ал жігіттердің өздері әскерге бару туралы қандай ойда? Бұны тілшіміздің сауалнамасынан көрейік:
Сол кезде Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Қорғаныс министрлігі Қазақстан азаматтарын әскери қызметке шақыру жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтты. Әскерге барудан жалтарып жүрген азаматтарға қатысты уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шақыру қағаздарының бірыңғай тізімін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл жаңашылдық азаматтарды хабардар ету жүйесінің тиімділігін арттырып, шақыру науқанының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын Сәуле Абдыкамит дайындады.
Оқи отырыңыз:
- Көшеден әскерге сүйрелгендер заң тұрғысында сотқа шағымдана алады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Колледж қабырғасынан әскерге кетіп қала жаздаған түлектер жанжалы
- Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз жындыханаға түсті
Жаңалықтар
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады
- Каспий таязданды, итбалықтар қырылды. Себебі неде?
- Алматы хантавирус жұқтырудың ықтимал жағдайларына дайын — СЭБД
- «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен адам ауруханада қайтыс болды
- Елдегі экономикалық қылмыс жасағандар «масқара тақтасына» ілінеді
- Құлауға шақ қалған мұнара: Самарқандтағы Ұлықбек медресесін қазақтар бұзған ба?
- НАТО-ның экс-бас хатшысы АҚШ-сыз жаңа демократиялық одақ құруға шақырды
- Шамалғандағы мектепте жасөспірім мұғалімді ұрып тастады
- Шымкентте колонияда жатып бюджеттен 1,3 миллиард қаражат жымқырған әйел әшкере болды
- 2027 жылы Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
- Ким Чен Ын өзі қайтыс болған жағдайда ядролық соққы жасауды заңдастырды
- Көкшетауда көлікпен әйелді жаншып өткен оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
- Алматыда бір тәулік ішінде рекордтық жауын жауды
- Тоқаев: Ядролық қарусыздану мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауда күш біріктіру маңызды
- ҚР СІМ: Түркияда қазақ тапқан велосипедші Қырғызстан азаматы
- Нетаньяху Ормуз бұғазы жағдайын дұрыс бағаламағандарын мойындады
- Францияда хантавирус індетін жұқтырған алғашқы жағдай белгілі болды
- Түркияда велосипед мінген қазақстандықты такси қағып, қаза тапты