Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады
Бейнеден кадр
Қазақстанда іздеуде жүрген, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Ол өзіне қатысты «ақша ұрлап, Қырғызстанда жасырынып жүр» деген айыптауларға қатысты халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Instagram желісінде жарияланған видеода Қапенов тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, ата-анасына тиесілі «Евротрансгрупп» компаниясы Достық станциясында ірі порт салып жатыр. Жобаға қажетті жер телімдерін, Қапеновтің сөзінше, Krisha.kz арқылы жеке тұлғалардан сатып алған, ал құрылыс несиелік қаражат есебінен жүргізілген.
«Құрметті қазақстандықтар, сіздерге үндеу жасаймын. Мен Қазақстанда ақша ұрлап, Қырғызстанда жасырынып жүр деген пікір тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Мәселені түсіндіріп өтейін. Менің ата-анама тиесілі «Евротрансгрупп» компаниясы Орталық Азиядағы ең үлкен портты салып жатыр. Ол Достық станциясында орналасқан. Аумағы – 51 гектар», – деді Қапенов.
Ол сондай-ақ құрылыс мерзіміне назар аударды. Қапеновтың айтуынша, жұмыстар 2022 жылдың маусымында басталған, ол кезде Мәсімов жазасын өтеп жатқан. Бірінші кезең 2023 жылдың ақпанында аяқталып, содан кейін нысан табыс әкеле бастаған.
«Назар аударуларыңызды сұраймын, бірінші кезең 2023 жылдың ақпанында аяқталды. Сол кезден бастап нысан айына бір миллион АҚШ доллары көлемінде табыс әкеле бастады», – деді ол.
Бұдан әрі Қапенов банк туралы айтып, рейдерлік жайында мәлімдейтінін жеткізді. Оның сөзінше, әңгіме кейін катарлық Lesha Bank-ке өткен Береке банк төңірегіндегі жағдай туралы болып отыр.
«Рейдерлік туралы, рейдерлікке қатысты арыздардың қалай қараусыз қалғаны жайлы айтамын. Алда көп қызық болады», – деді Қапенов.
Бұған дейін Азамат Қапенов Қырғызстанда көзге түсіп, жергілікті төлқұжатын көрсеткені хабарланған еді. Оған дейін ол Біріккен Араб Әмірліктерінде болған. Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі Қапеновті халықаралық іздеуді жалғастырып жатыр, сот сырттай оны қамауға алуға санкция берген.
Сондай-ақ сот Бас көлік прокуратурасының сұрауы бойынша Достық станциясындағы Қапеновке тиесілі терминалды мемлекетке өткізгені хабарланған. Тергеу нұсқасына сәйкес, «ҚазТемірТранс» компаниясының бұрынғы вице-президенті қызметтік өкілеттігін пайдаланып, аффилирленген компанияларға жүк вагондарымен жұмыс істеу кезінде заңсыз артықшылықтар берген. Келтірілген шығын көлемі 5,2 млрд теңгеден асады.
Қапенов 2025 жылдың тамызында БАӘ-де ұсталған, алайда бір айдан кейін босатылған. Әмірліктер оны экстрадициялаудан бас тартқан, себебі қазақстандық тарап айыптауларды құжатпен дәлелдей алмаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық