Францияда хантавирус індетін жұқтырған алғашқы жағдай белгілі болды
Фото: ДДСҰ
MV Hondius кемесінде болған Франция азаматының хантавирус жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталды. Бұған дейін дәл осы кемеде аталған індеттің өршігені анықталып, кемені арнайы медициналық жасақ қарсы алып, жолаушылардың барлығы өз елдеріне жөнелтілген болатын, деп хабарлайды Orda.kz
Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдегенін елдің басылымдары жазды.
«Бұл әйел круиздік лайнерде болған, кеше оралды. Түнде жағдайы нашарлап, хантавирусқа тест нәтижесі оң болып шықты», – деді Рист.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта науқас жұқпалы ауруларға мамандандырылған ауруханада ем қабылдап жатыр.
Бұл – Францияда хантавирус жұқтырудың алғашқы тіркелген жағдайы. Ел билігі әйелмен байланыста болған 22 адамды анықтады. Үкіметтің баспасөз хатшысы Мод Брежонның айтуынша, індеттің әрі қарай таралуына жол бермеу үшін «барынша қатаң шаралар» қабылданып жатыр.
«Тағы да қайталап айтқым келеді: дүрбелеңге бой алдырмау керек. Соңғы жылдары бастан өткерген жағдайларды ескерсек, қорқыныштың болуы түсінікті», – деді ол.
Бұған дейін MV Hondius кемесінен түсірілген Францияның бес азаматы отырған ұшақ Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайына қонған. Олардың төртеуінің ПТР-тест нәтижесі теріс болған.
Өлімге әкелуі мүмкін хантавирус індеті Нидерландқа тиесілі MV Hondius круиздік лайнерінде тіркелген. Кеме Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті адамнан инфекция анықталғанын растады, олардың үшеуі қайтыс болған. Өткен жексенбіде кеме Канар аралдарындағы Тенерифе жағалауына жеткен.
Бұған дейін Испанияда және Атлант мұхитының оңтүстігіндегі Тристан-да-Кунья архипелагында хантавирус жұқтырудың екі ықтимал жағдайы анықталғаны хабарланған.
Дүйсенбі күні MV Hondius кемесінен эвакуацияланған америкалық азаматтан да хантавирус расталды. Ал Польшада бір адам осы вирусқа күдікпен санитарлық бақылауға алынған.
Еске салсақ, хантавирус өршіген MV Hondius деп аталатын 147 адам мінген саяхаттауға арналған кеме Испанияның Тенерифе аралына тоқтап, жолаушылар эвакуацияланды. Хантавирус ошағына айналған лайнердегі жолаушылар өз елдеріне тарады.
Сонымен қатар ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Тенерифедегі хантавирус өршіген кемені эвакуациялауды жеке бақылауға алатынын айтты. Тедрос Адханом Гебрейесус 140 адамды Hondius кемесінен эвакуациялау процесін бақылау үшін Тенерифеге келуге уәде берді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық