Көшеден әскерге сүйрелгендер заң тұрғысында сотқа шағымдана алады
2024 жылдың көктемінде Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны әжесін қаладан алып кетуге Шымкентке келген. Алайда Әскери комиссариат өкілдері жігітті көшеден әскерге күштеп алып кетіп, жігіт бір күннен кейін төсек тартып жатып қалған. Тіпті бұл істе ешкім жазаланбаған да. Orda.kz оқиғаны өз құзырына алды.
Қазанның 8-і күні Қарулы Күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы Фархат Айдарбеков елімізде әскерге шақырылғандарды көшеде ұстап алу фактілерін растады.
«Күзгі әскерге шақыру кезінде біз мұндай әдістерді қолданбауға тырыстық, өйткені тығырықтан шығудың басқа, неғұрлым заңды жолын таптық. Қазір біз жастарды көшеден тікелей әскерге әкетпейміз»,- дейді Фархат Айдарбеков.
Бірақ көктемде олар бұл ісін тағы да қайталады. Түркістан облысының тұрғыны Бехруз Равшанбековтың басынан өткен оқиға осыған мысал бола алады.
26 сәуір күні 18 жастағы Бехруз Равшанбеков Түркістан облысы Төлеби ауданындағы туған ауылы Тағайнадан Шымкентке жол тартты. Онда ол әжесімен кездесіп, бірге қайтуды жоспарлаған. Бірақ ол автовокзалға жақын жерде «Мамандандырылған база» жұмылдыру дайындығының инспекторы мен әскери комиссариаттың іс жүзіндегі қызметкері Бақыт Бекбаевты кездестіреді.
Әскери комиссариат өкілдерінің айтуынша, Бекбаев өзін таныстырып, Равшанбековтан туған жылын сұраған. Алайда жас жігіт өзін 2007 жылғымын деп айтқан, оған сенбеген Бекбаев басқа қызметкерге подполковник Руслан Мұқашевқа апарып тексерткен. Планшеттен ЖСН арқылы тексергенде, оны 18 жаста екені белгілі болған. Әскери комиссариат өкілдерінің сөзінше жас жігіт олардың көлігіне өзі отырып әскери комиссариатқа барған. Әрине, жол бойы Равшанбеков қызметкерлермен келісімге келгісі келсе де, оны жібермеген. Ол жақта шашын тақырлап алып тастағалы жатқанда да комиссариат қызметкерлерімен келіскісі келген және ол әскерге барғысы келмейтінін ашық түрде айтқан, тіпті пара да ұсынған. Сонда да қызметкерлер оның айтқанын тыңдамай, Отан қорғау оның борышы екенін түсіндірген және ақша ұсынғаны үшін полиция қызметкерлерін шақыратынын айтып қорқытқан.
Алайда, Бехруз Равшанбековтың баяндауынша бұл екі күнде оқиғаның бәрі басқаша өрбіген. Оның адвокаты Евгений Яворскийдің айтуынша, Бекбаев өзін Бекрузға таныстырмаған, бірден оның туған жылын сұрап, жағадан алған.
«Оның алдында оған бейтаныс, азаматтық киім киген адам тұрды. Сондықтан Бехруз оған өзінін нақты туған жылын айтуға міндетті емес», - дейді адвокат.
Бекбаев Равшанбековтың 18 жаста екенін білгеннің өзінде, оны комиссариатқа алып кетуге ешқандай құқығы жоқ. Евгений Яворский мұны бірнеше себептермен түсіндірді:
- Бекруз Равшанбеков Түркістан облысында тіркеуде тұр, ал оны ұстағандар Шымкент военкоматының өкілдері. 2019 жылдан бері бұл екеуі бөлек аймақ.
- Түркістан облысында Бехруз Равшанбеков тіпті военкоматқа тіркелмеген, сондықтан әскерге шақырудан жалтармаған. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша көшеде тек әскерден жалтарғандарды ұстауға болады.
- Көшеден жалтарғандарды ұстауға тек полиция қызметкерлері ғана құқылы. Бірақ Равшанбековті военкоматқа жеткізгендердің қатарында олар болмаған.
Яворскийдің айтуынша бұл комиссариат қызметкерлері тарапынан жасалған жалғыз құқық бұзушылық емес. Сондай-ақ, олар Равшанбековтен 3 рет пара сұраған. Оның біріншісі жинақтау пунктіне бара жатқан жолда, яғни көлікте.
Олардың болжамынша, тергеу «әскери комиссариат қызметкерінің қалжыңы» деген қорытындыға келді делік. Евгений Яворский атап өткендей, Равшанбековтен жарты миллион талап етілгені туралы деректер бар. Мысалы, көршісіне қоңырау шалу. Ал... бұл ақшаны Равшанбеков таппағандықтан - алмағанын қызметкердің өзі айтқан.
Адвокаттың сөзінше екінші «сатып алу» процесі пункттің өзінде болған. Еркебұлан Жақсынбетов Бехруз Равшанбековке ұсыныс тастаған. Ал «әскери міндетті» әскери комиссариат басшылығының «әскерге жібермеу» туралы шешіп қойғанын бөтен адамның көзінше айтқаны үшін оны ұрып-соққан. Кейін Жақсынбетов өзі Равшанбековтың шашын тақыр етіп алып тастаған. Ол «әскери міндетті» тұлғаны ұрып, ернін жарып жіберген.
Шашын тақыр қылып алып, жарылған ернімен жүрген Равшанбеков сол күні кешке әке-шешесімен жолығады. Ол сол жерде барлығын баяндап, ақша туралы әңгімені де үйіндегілерге айтып берген. Артынша ата-анасымен жолығып болып, әскери комиссариат ғимаратына қайта оралған шақта, оған үшінші рет «әскерге жібермеу» мәселесін шешу туралы ұсыныс жасалған.
«Олардың әңгімесін сол жерде қызмет атқарып жүрген әскери полиция қызметкері естіп қалған. Оның айтуынша жігітке 700 мыңға мәселені шешуге болатынын айтқан», — дейді заңгер.
Сонымен қатар Равшанбеков әскери комиссариатта қорлық көріп келген. Соңында 27 сәуір күні қысымға шыдамаған Бехруз 2-қабаттан секіріп кеткен. Адвокаттың айтуынша бұл әскери міндеттен жалтару емес, амалсыздықтан өзіне-өзі қол салу.
Бехруз Равшабековтың жақындары Шымкент қаласының әскери прокуратурасына хабарласты. Тамыз айында әскери тергеу басқармасы «Бір топ адамның қызметтік бабын пайдаланып заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Евгений Яворскийдің айтуынша, алғашында тергеушілер қылмыс құрамының анық болғанын айтқан. Алайда, 2024 жылдың қазан айында тергеу дәлелдер жеткіліксіз болғандықтан тоқтатылды. Адвокат дәлелі жеткіліксіз, айғақ болды деп есептейді. Мысалы, Бехруз ақша сұрап телефон соққан көршісі туралы қылмыстық істе мүлдем жоқ. Осының барлығын Евгений Яворский Бас прокуратураға, Бас әскери прокуратураға және Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасына жолдаған шағымында жазды. Яворский мен Бехруздың отбасы әзірге жауап күтіп отыр.
Бірақ Бехруз Равшанбековтың ісі әлі сотқа жетпегеніне қарамастан, адвокат Евгений Яворский сотта оның отбасының мүддесін қорғауға мәжбүр. Өйткені Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті Бехруздың отбасының үстінен сотқа шағым түсірген.
Себебі Бехруз Равшанбековтың әкесі Авазбек Гайнанов барлық істі бейнетаспаға түсіріп, президентке жолдау жасаған.
Соңында аудандық сотта да, облыстық сотта да жеңіліс тапты. Евгений Яворский атап өткендей, мұнда кейбір оғаш нәрселер бар::
«Адвокаттарды жалдау үшін Бехруздың әкесі 500 мың теңге тапты - ол үшін бұл көп қаражат. Сот талапкерлерді қараудан бас тартқан кезде, біз олардан жауапкердің заң талабына сәйкес сот шығындарын қайтаруды сұрадық. Бірақ Төле би ауданының да, Түркістан облыстық сотының да судьялары соманың тек 10% - 50 мыңын төлеу керек деп шешті».
Ал Бехруз Равшанбековтың ісіне келсек, адвокаттың пікірінше, ол да тоқтатылуы мүмкін еді, өйткені ол сот прецедентін туғызар еді. Сондықтан соңғы жылдары көшеден тікелей әскери комиссариатқа заңсыз «сүйрелгендердің» барлығы сотқа жүгіне алады.
Жаңалықтар
- Челси Астанаға қарсы жас ойыншыларды ойнатады
- Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды
- Қаржаубай Нұрымовтың күйеу баласын соттады
- Нұра-Теміртау автожолында Audi көлігіне тиелген жылқы анықталды
- Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы пара алған
- Соғысқа қарсы шыққан Ресейлік әнші Нобель сыйлығына ұсынылды
- Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Ақтөбеде ерлі-зайыптының өліміне себепкер болған полицей сотталды
- «Тергеу аяқталу сатысында»: Шерзат ісіне қатысы бар адамдар жақын арада жауапқа тартылады
- Назарбаев университеті 73 млрд теңгені ауаға ұшырды
- Ер адамның жүрегінен метал сынығы табылды
- Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауда заңсыздықтар анықталды
- Жасанды девальвация: Ұлттық банктің экс-басшысы Қазақстан экономикасының құпиясын ашты
- Он миллион адам қарсы болған уақыт белдеуін зерттеуге үкімет үш жыл жұмсамайды
- Салмағы 7 тонналық Үндістаннан келген контрабанда әуежайда алты жыл бойы қараусыз жатты
- Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті атанды
- Басшысыз қалған Сирияны кім басқарады?
- Сынға қалған Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Ұятты жерлеріме қол жүгіртті: оншақты қыз азғын Indrive такси жүргізушісіне шағымданды
- «Тұрғындар газсыз қалды»: Түркістан облысында көлік газ құбырына соғылды