Колледж қабырғасынан әскерге кетіп қала жаздаған түлектер жанжалы
Тараздағы колледж түлектерін соңғы емтиханды тапсыра салысымен әскери комиссариатқа жинап алып кеткен әскерилер түсініктеме берді.
Олар бұнда тұрған заңсыз ештеңе жоқ екенін алға тартады. Барлығы ел Президентінің және Қорғаныс министрінің мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлығына сәйкес болып жатқан көрінеді.
Жанжал 18 маусым күні таңертең Қант зауыты ауданындағы колледждің жанында болған. Онда емтихан тапсырып, әлі құжаттарын алмаған жігіттерді «Газельге» тиеп, военкоматқа алып кеткен.
Жағдайға ашуланған ата-аналар түсініктеме беруді талап етті. Олар балаларының одан әрі оқуға барғысы келгенін, бірақ әскерилер рұқсат бермегенін айтады. Ата-аналар тіпті әскердегі қайғылы жағдайларды еске алып, абыржып қалған.
— Менің жалғыз балам бар, мен қатерлі ісікке шалдыққанмын! Баламды әскерде өлтірмес үшін күн сайын жіберіп тұратын бес мыңым жоқ!, - деп ашуланды ата-аналардың бірі.
Жыл басынан бері Қазақстан әскерінде болып жатқан жаңалықтар елді елең еткізгені рас. Сәуірде ұзақ іздеуден кейін Отардағы жауынгер Әлібек Қалбайдың мәйіті табылғаны белгілі. Сонымен қатар жақында ғана сарбаз Еділ Тешебаевтың өз-өзіне қол жұмсағаны анықталып, шекара қызметінің мерзімді қызметкері Ұлықбек Бердішовтің де шекара заставасындағы дәретханадан денесі табылды.
Армиядағы соңғы қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды реттеуді тапсырды, ал қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне тек армия ғана кінәлі емес екенін айтты.
Кешегі Тараздағы жанжалдан кейін әскерилер әскерге шақырылғандарға қолданған тәсілді өте қарапайым түсіндірді. Олардың сөзіне сенсек, военкоматқа әскерде қызмет етуден әдейі қашып жүргендер арам ниетті «жалтарушылар» ғана жеткізіледі екен.
Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы орынбасарының айтуынша: барлығы заңға сәйкес, әскерге шақырылғандар соққыға жығылған жоқ, негізінен «сұмдық» ештеңе бола қойған жоқ.
— Әскери қызметке шақыру туралы Президенттің жарлығы бар, Қорғаныс министрінің бұйрықтары бар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы облыс әкімінің қаулысы бар. Осы нормативтік құжаттардың барлығына сәйкес әскерге шақыру және шақыру жұмысын ұйымдастыру жүзеге асырылады. Жергілікті әскери басқару органдары бұл құжаттардың талаптарын бұзуға жол бермейді. Оқу орындарында оқитын әскерге шақырылушыларға келсек, олардың барлығы әскери есепте тұрады, олар туралы барлық мәліметтерді білеміз, оқу орнын бітіргеннен кейін топ құрып, осындай жинау пунктіне жеткізуге мәжбүрміз, көбісі шақыру қағаздарын қабылдау мен тапсыруды елемейді. Сондай-ақ, «Еgov» жүйесіндегі военкоматқа шақырту туралы SMS хабарламалар да назарға алынбайды. Әскерге шақырылушылардың заң бұзушылықтары негізінде олардың құрамына жергілікті полиция қызметі мен әскери комиссариаттардың қызметкерлері кіретін мобильді топтар құрылып, олар әскерге шақырудан жалтарғандарды жиын орындарына жеткізуге құқылы, - деді Жамбыл облысы қорғаныс департаменті Басқарма бастығының орынбасары Хасен Қарабаев.

Оның айтуынша, әскери комиссариатқа жеткізілген жігіттер медициналық тексерістен өтіп, психологтармен, офицерлермен әңгімелескеннен кейін бөлімдерге таратылады. Сонымен қатар, әскерге қабылданғандар ЖОО түсу жоспарларына байланысты, тіпті ата-анасы арыз жазса да кейінге қалдырылмайды. Жалғыз себеп ЖОО қабылданды деген құжат болуы мүмкін, оны көктемде әскерге қабылданғандар ала алмайды. 18 жастағы жігіттер 5-11 маусымда соңғы емтихандарын тапсыратыны белгілі. Ал жоғары оқу орындарына абитуриенттерді қабылдау 20 маусымнан кейін ғана басталады. Ал ЖОО қабылдау шешімі одан да кейінірек шығады.
— Ата-анасының ұлын жоғары оқу орнына түсуге дайындап, жоспарлап отырғаны әскерге шақыруды кейінге қалдыруға негіз бола алмайды. Оның еш айыбы жоқ, кез келген азамат әскери борышын өтегеннен кейін таңдаған оқу орнына түсе алады, - деді Қарабаев.
Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны наурыз айында басталып, маусымның соңында аяқталады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық