Ким Чен Ын өзі қайтыс болған жағдайда ядролық соққы жасауды заңдастырды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Ким Чен Ын өзі қайтыс болған жағдайда автоматты түрде «ядролық түймені» басып, соққы беру туралы норманы Конституцияға енгізіп, заңдастырып қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Солтүстік Корея ресми түрде өз Конституциясында ядролық держава мәртебесін және ел басшысының көзі жойылып немесе оған қастандық жасалған жағдайда әрекет ету алгоритмін бекітті.
Арнайы қызметтердің бағалауынша, Пхеньянның арсеналында 60-қа дейін ядролық оқтұмсық және шамамен 2000 келіден көп байытылған уран бар. Алайда енді Ким Чен Ынның оған да көңілі толмай, енді тіпті өзі қаза тапқан жағдайда да армияға жауапты соққы беруге міндеттеп қойды.
Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, егер Ким Чен Ын өлтірілсе немесе шабуыл салдарынан әрекетке қабілетсіз болып қалса, армия дереу жауап ретінде ядролық соққы жасауға міндетті.
Заңдағы жаңартылған 3-бапта былай жазылған:
«Егер мемлекет ядролық күштерін басқару жүйесіне жау күштерінің шабуылы салдарынан қауіп төнсе, ядролық соққы автоматты түрде және кідіріссіз жасалады».
Шығыстанушы Андрей Ланьков The Telegraph басылымына берген пікірінде Пхеньян АҚШ пен Израильдің Таяу Шығыстағы көшбасшыларға қарсы жасаған соққыларының тиімділігіне қатты алаңдап отырғанын айтты.
Ирандағы жоғары лауазымды тұлғалардың жойылуы және «шешім қабылдау орталықтарына» соққы беру қаупі Кимді бір адамның көзін жою арқылы тоқтату мүмкін болмайтын жүйе құруға итермелеген.
Ядролық доктринадағы өзгерістерден бөлек, КХДР Конституциясынан Оңтүстік Кореямен бейбіт қайта бірігу туралы тармақтар алынып тасталды. Енді Оңтүстік ресми түрде «жау мемлекет» деп танылды.
Ал Ким Чен Ын өз мәртебесін одан әрі күшейтті. Мемлекеттік істер жөніндегі комиссия төрағасы ретінде ол ядролық арсеналдың жалғыз қолбасшысы әрі мемлекет басшысы рөлінде бекітілді.
Оқи отырыңыз:
- КХДР ядролық күштерін Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы басқарады
- Ким Чен Ын беделді лауазымына қайта сайланды
- Ким Чен Ын Кремльге Украинаға қарсы соғыста «бекем» қолдауға уәде берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық