Елдегі экономикалық қылмыс жасағандар «масқара тақтасына» ілінеді
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) экономикалық қылмыс жасағандарға арналған «масқара тақтасын» жасайтын болды. Енді экономикалық қылмыстарға қатысы бар адамдар мен компаниялардың тізімін цифрлық реестрде жарияланады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанда экономикалық құқықбұзушылықтарға қатысқан жеке және заңды тұлғалар реестрін жүргізу ережелері бекітілді.
Тізім Экономикалық тергеу қызметі сайтында жарияланып, тоқсан сайын жаңартылып отырады. Одан соттылығы жойылған немесе өтелген жағдайда, адам қайтыс болғанда, әрекетке қабілетсіз деп танылғанда немесе компания сот шешімімен таратылған кезде ғана шығарылады. Реестрге барлық күдіктілер емес, тек соттың заңды күшіне енген айыптау үкімімен кінәсі дәлелденген тұлғалар енгізіледі.
Әңгіме экономикалық қылмыстық құқықбұзушылықтар, яғни Экономикалық тергеу қызметі мен ішкі істер органдары тергегендер туралы.
Реестрде адамның аты-жөні, туған күні, Қылмыстық кодекс бабы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган, егер қылмыс жасау үшін заңды тұлға пайдаланылса, компания атауы мен БСН,
егер іс қаржы пирамидасына қатысты болса, жоба атауы туралы мәліметтер беріледі.
ҚМА бұл тізім қоғам мен бизнесті экономикалық құқықбұзушылықтар саласындағы тәуекелдер туралы хабардар ету және алдын алу мақсатында қажет екенін түсіндірді.
Бұған дейін Қазақстанда борышкерлерге барлық банктермен бірден келіссөз жүргізуге мүмкіндік берілетіні хабарланған еді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі проблемалық несиелер мен микронесиелер бойынша жұмыс істеудің жаңа ережелерін бекітті. Енді бірнеше банк пен микроқаржы ұйымдарына қарызы бар азаматтар әр кредиторға жеке-жеке бармай, электрондық платформа арқылы ұжымдық реттеу рәсімінен өте алады.
Жаңа ережелер барлық қарыз алушыларға емес, төлем мерзімін өткізіп алған және несие шарттарын өзгертуге тырысып жүрген азаматтарға қатысты.
Егер адам бұрынғы кесте бойынша төлей алмаса, ол кредиторға жүгініп, келісім шарт талаптарын қайта қарауды сұрай алады. Бұл — төлемді кейінге шегеру, ай сайынғы төлемді азайту, мерзімді ұзарту, пайыздық мөлшерлемені төмендету, өсімпұлды алып тастау немесе басқа да қайта құрылымдау нұсқалары болуы мүмкін.
Кредитор өтінішті қабылдап, тіркеуге және қарауға міндетті. Егер құжаттар жеткіліксіз болса, банк немесе микроқаржы ұйымы бес жұмыс күні ішінде оларды сұратуы тиіс. Барлық құжаттар тапсырылғаннан кейін шешім қабылдауға 15 күнтізбелік күн беріледі.
Шешім үш түрлі болуы мүмкін: қарыз алушының ұсынысын қабылдау, қарсы ұсыныс беру немесе бас тарту. Бірақ бас тарту нақты себептермен түсіндірілуі керек.
Ең маңыздысы, өтініш қаралып жатқан кезде кредитор бүкіл қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап ете алмайды, нотариус арқылы атқарушылық жазба жасата алмайды немесе сотқа жүгінбейді. Яғни, қарыз алушыға қарыздан жалтару үшін емес, келісімге келу үшін уақыт беріледі.
Әскерге шақырылған азаматтар үшін де арнайы ережелер қарастырылған. Егер қарыз алушы әскери қызметке шақырылса, оған негізгі қарыз бен пайыздар бойынша қызмет мерзімі бойы және одан кейінгі 60 күнге дейін жеңілдік беріледі. Осы кезеңде пайыздар есептелмейді.
Бірнеше банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлар алдында қарызы бар адамдар үшін ұжымдық реттеу енгізіледі. Егер қарыз алушының екі немесе одан да көп кредитор алдында кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешегі болса, ол электрондық платформа арқылы өтініш бере алады. Бұл жағдайда кредиторлар бірлесіп қарызды реттеу шарттарын ұсынуы тиіс.
Қарапайым тілмен айтқанда, адам әр банк пен микроқаржы ұйымын жеке араламайды — оның қарыз жағдайы кешенді түрде қаралады.
Сондай-ақ кредиторларға шектеу енгізіледі, егер қарыз мерзімі өткеннен кейін 24 ай ішінде оны реттеу рәсімі жүргізілмесе, мұндай қарызды коллекторларға беруге болмайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады
- Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- ӘЧ-2026: Түркия АҚШ-ты жеңді, бірақ плей-оффқа шыға алмайды
- Шымкентте ірі өрт: ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды ауыздықтады
- Венесуэлада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Қазақстан СІМ Таяу Шығысқа сапарлардан бас тартуға кеңес берді
- Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
- Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды
- Алматыда жер астынан шыққан өрт жұрттың зәресін алды: Полиция себебін айтты
- Пакқа қатысты үкімнен кейін кісі өлімі болған жол апаты үшін жазаны қатаңдатуды талап еткен петиция жарияланды
- «Желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды — Сенат заңды мақұлдады
- 1414 кодын айтқан ақтөбелік 4,5 млн теңгесінен айырылды