Көкшетауда көлікпен әйелді жаншып өткен оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
Скриншот: t.me/kazakh _ inform
Көкшетауда жайбарақ кетіп бара жатқан әйелді басып-жаншып өткен жол-көлік оқиғасы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ер адам жүргізуші куәлігі жоқ әйеліне көлік тізгінін берген, деп хабарлайды Orda.kz.
Көлік тізгініне құжатсыз отырған әйел облыс орталығындағы аулалардың бірінде жаяу жүргіншіні қағып, адам өліміне себеп болды.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкшетауда 52 жастағы әйелдің қаза болуына әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.
«Көлік құралын басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелері мен көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында әйелдің көлік жүргізу құқығы болмағаны және тиісті оқудан өтпегені анықталды», деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, көлік иесіне қатысты да көлік жүргізу құқығы жоқ адамды рөлге отырғызғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасына дейін қарастырылған.
«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», деп толықтырды ведомство.
11 мамыр күні Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті әйелге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық істердің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.
Жол апаты облыс орталығындағы Сарыарқа шағынауданының аулаларының бірінде болған.
Оқи отырыңыз:
- Көкшетауда жол талғамайтын көлік жайбарақат кетіп бара жатқан әйелді жаншып өтті
- Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды
- АҚШ-тың Денвер әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағында адамды қағып кетті
- Талғар ауданында екі оқушы суға батып кетті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық