2027 жылы Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді

cover Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігінің ресми сайтында жазылғандай Қазақстан 2027 жылғы үстел теннисінен Әлем чемпионатын өткізу эстафетасын ресми түрде қабылдады.Турнир туы Қазақстанға ресми түрде табысталды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын салтанатты табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан қазіргі әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде алғаш рет үстел теннисінен Әлем чемпионатын өткізетін мемлекет атанбақ. Бұл – еліміз үшін тарихи жетістік.

Әлем чемпионаты 2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар