Алматыда бір тәулік ішінде рекордтық жауын жауды
Фото: Алматы әкімдігі
Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, 10 мамыр сағат 11:00-ден 11 мамыр сағат 20:00-ге дейін мегаполисте 50,4 мм жауын-шашын түскен. Алматыда бір тәулікте айлық норманың жартысына жуығы жауды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мамыр айындағы орташа айлық норманың (99 мм) 51%-на тең. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, қалалық қызметтер жергілікті су басу жағдайларының алдын алу және оларды жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
«Қолайсыз ауа райының ықтимал салдарына жедел әрекет ету үшін коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді», деп хабарлады әкімдік.
Салдарды жою жұмыстарына Алматының құтқару қызметтері тартылған. Олардың қарамағында ассенизаторлық техника мен 15 мотопомпа бар. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаментінің 53 арнайы техникасы мен 240 қызметкері қатыстырылған.
Жалпы алғанда, қалалық инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз етуге 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатысып, жедел әрекет ету үшін 2 300 қап құм дайындалған.
Синоптиктердің болжамынша, 12 мамырда да Алматыда жаңбыр жауып, найзағай болады, жауын-шашын тек 13 мамырда тоқтайды. Тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, ауа райы жағдайын ескеру ұсынылды.
Еске салайық, синоптиктер Қазақстанның әр өңірінде ауа-райы құбылып, кей өңірінде үсік жүріп, қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел және су басу қаупі туралы ескерту жасаған болатын.
Мамыр айының басындағы төпеп жауған нөсер жаңбыр Алматы қаласын әбден әбігерге салды. Оны тұрғындар әлеуметтік желіге салған бейнелер мен фотолардан көруге болады.
Толассыз жауған жаңбыр арықтардың толып кетуіне, көшелер мен жеке секторлардың су астында қалуына себеп болды. Алматылықтар әлеуметтік желілерде жауын салдарын көрсететін бейнероликтермен бөлісті.
Пікір жазғандардың бір бөлігі бұрынғы кәріз жүйесін еске алып, оның қазіргі жүйеге қарағанда табиғаттың тосын мінезіне жақсырақ төтеп бергенін жарыса жазды.
«Арық жүйесі өте мықты еді. Су қоймасынан арықтар арқылы бүкіл қалаға тарап, қайта оралатын. Оны қалайша осылай бетонмен жауып тастауға болады?)», деп жазды Threads желісінде itmaker101 есімді қолданушы.
Дәстүр бойынша, көпшілік су басқан аумақтарды Венеция қаласымен салыстыруда.
«Төле би көшесі – тұтас бір көлге айналған, жаяу жүру мүмкін емес» деп жазылған жазбалардың бірінде.
Пікірлерде тұрғындар арықтарға қоқыс тастайтын азаматтар мен оларды уақтылы тазаламайтын қала әкімдігін де сынға алды.
11 мамырға қараған түні Алматы әкімдігі коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимге көшкенін хабарлады. Таңертең кейбір көшелерде электр жарығы өшкені белгілі болды.
Синоптиктердің болжамынша, қалада жауын-шашын 12 мамырдың түске дейін жалғасады. Жаңбыр, найзағай және секундына 15–20 метрге дейін жететін жел соғады деген ескерту бар.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық