Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз жындыханаға түсті
Фото: бейнеден кадр
Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз жындыханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Informburo мәліметіне зер салсақ, осы жылдың сәуір айында Cұлтан Шынтеміровті әскерге көшеден алып кеткен екен. Анасының айтуынша, сарбаз әскерде әлімжеттік көрген соң, бірнеше рет өз-өзіне қол салуға оқталған. Әскери бөлімнің қызметкерлері жағдайды тексерудің орнына жауынгерді психикалық орталыққа жатқызып, істі жылы жабуға тырысқан.
«Маған Бекзат деген командирі айтты. Қоңырау шалып: «Сіздің балаңыздың жүрегі ұстап, бүйрегі ауырып тұр. Соны дәрігерге апара жатырмыз деп айтты маған. «Бүйрегі мен жүрегін тексертеміз» деді. Өтірік алдап жындыханаға әкеліп жатқызып тастаған. Оны мен басқа ата-анадан естімесем, баламның жындыханада жатқанын да білмес едім», — деді сарбаздың анасы Лаура Шынтемірова.
Анасының айтуынша, қызметкерлер жас сарбаздарды қара жұмысқа жегіп, дәретханада азаптайды деп отыр.
«Өз баламды танымай қалдым. Құрылысқа салып тастаған менің баламды. Осыны айтамын деп ұмытып бара жатырмын. Біреудің үйінде құрылыста кірпіш құйғызып қойған бұл балаға. 99116 әскери бөлімінің толық құрамын тексерсін», — дейді анасы.
Ал Сұлтан Шынтеміровтің психикалық денсаулық орталығында жатқанына бір апта болыпты. Одан өзге мұнда тағы екі сарбаз емделіп жатыр екен.
«Өз-өздеріне жарақат салған. Білектерінде сырылған жарақаттар болған. Соған байланысты бізге өз-өзіне қол салу белгілері бар деп алып келді. Психолог, психотерапевт мамандары қарайды, жасап жатыр. Әскерге барып, жындыханадан бір-ақ шыққан сарбаздардың ісіне қатысты тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтайды», — дейді Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов.
Айта кетейік, 17 қыркүйек күні Алматы облысы Жамбыл ауданының Отар горнизонында 19 жастағы жас сарбаз өзіне-өзі қол салды. Мүрдесін көруге ата-анасы Алматы қаласына келді. Orda.kz тілшісі марқұмның ата-анасымен сөйлесіп, жағдайға қатысты пікірлерін білген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық