Шамалғандағы мектепте жасөспірім мұғалімді ұрып тастады
Фото: Көрнекілік үшін
Алматы облысы Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы мұғалімді кәдімгідей төмпештеп ұрып тастаған. Оқиғаның мән-жайы туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазнетте тараған бейнежазбада мектеп дәлізінде мұғалім мен оқушының ерегесіп тұрғаны көрінеді. Кенеттен жасөспірім ұстазға шабуыл жасап, ұра бастайды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің 2026 жылғы 12 мамырдағы мәліметінше, кәмелетке толмаған оқушының ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 16 қаңтар күні сағат 09:00 шамасында Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған мен ер адам арасында жанжал туындап, оның барысында ұстазға дене жарақаттары келтірілген. Қазіргі уақытта жасөспірім полицияға жеткізілді», деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық