Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
Фото: Pexels
Жамбыл облысы Қордай ауданында полиция қызметкерлерін қорлаған ер адам сот шешімімен айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі — билік өкілін қорлау фактісі бойынша қаралған.
Сот материалдарына сүйенсек, оқиға 2025 жылдың желтоқсанында түнгі уақытта Қордай ауылындағы кафелердің бірінде болған. Сотталушы А. қызының дүниеге келуін достарымен бірге атап өтіп, ішімдік ішкен. Кафе әкімшілігі мекеменің жабылатынын бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, ер адам ғимараттан кетуден бас тартқан.
Кейін оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, полицейлерді кафеде де, медициналық тексеру жүргізілген ауруханада да балағаттаған.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген. Сондай-ақ жәбірленушілерден кешірім сұраған. Ал полиция қызметкерлері жазаны соттың қарауына қалдырған.
Прокурор соттан 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұраған. Алайда сот кінәні мойындауы, өкінуі және кәмелетке толмаған балаларының барын жеңілдететін жағдай ретінде ескеріп, айыппұл жазасын таңдады.
Сот үкімімен ер адам ҚК 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық