Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
Фото: Orda.kz
Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік апаты бойынша ZEEKR электромобилінің жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда үш адамның өмірін қиған ірі жол апатына қатысты сот басталды. Айыпталушы – 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак сот залына балдақпен келіп заңда көрсетілген жазасын өтеуге дайын екенін жеткізді.
Сот залында күдікті өзін фото-видеоға түсіруге қарсы екенін айтып, БАҚ өкілдерін қатыстырмауды сұрады. Ал жәбірленуші тарап өз қарсылығын білдірді. Сонымен қатар, күдікті қылмыстық іс материалдарымен қайта танысуға уақыт сұрап, аяғында жарақаты болған соң сот залына келмей сотқа онлай қатысуға рұқсат сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы Александр Пактың жол-көлік апатына ұшырағанда ішімдік ішкенін айтты.
«Сотталушы жеңіл дәрежеде мас болған (1,30 промилле) Пак жалған нөмір тағылған Zeekr электрокарымен 219 шқ/сағ жылдамдықпен қарсы бетке шығып, Mercedes-Benz 300C көлігімен жоғары жылдамдықпен қарсы бағытқа шығып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болды. Соның салдарынан үш адам қаза тапты», — деді прокурор.
Соққыдан «Мерседестің» 30 жастағы жүргізушісі мен 2003 және 2005 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы (мас күйде көлік жүргізіп, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша қаралып жатыр.
Жәбірленуші тарап қайтыс болған Теңілбаева Құмардың адвокаты Шекеев 100 млн теңгеге жуық моралдық талап-арыз беретінін айтты.
«Мен қорғаушы ретінде 100 млн сұраймын, оның да несиесі қарызы болған, оның үстіне адам өліп отыр. Заң бойынша жазасы 7-10 жыл аралығында алады. Алайда ол кісі абайсызда адам өлтірді деген баппен сараланып отыр. Бұл жерде заң сондай сондықтан баптың шеңберінен шыға алмаймыз. Сосын ол жазксын қатаң түрдегі түрмеде емес. Қоныс колониясы санатындағы түрмеде, яғни жеңіл санатты түрмеде өтейді»
Сот залында сотталушы Пак марқұмдардың жақындарынан жылап кешірім сұрады.
«Мен жәбірленуші тараптан кешірім сұраймын. Сіздерге өз көмегімді аямауға дайынмын. Ешқандай сөз сіздерге көмектесе алмайтынын білемін, әр отбасыға қайғы әкелгенімді де түсінемін. Дегенмен де сіздерден кешірім сұраймын. Заңға сай жазамды алуға дайынмын», – деді сотталушы.
Еске сала кетейік, тергеу мәліметінше, жол апаты кезінде жүргізуші көлікті масаң күйде басқарған. Медициналық сараптама оның жеңіл дәрежедегі мас болғанын анықтаған.
Қайғылы оқиға кезінде ZEEKR қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы қыз — 20 және 22 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Күдікті — 32 жастағы алматылық кәсіпкер Александр Пак.
Аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ал екінші іс Алматы полициясы басшыларының бірінің жүргізушісі болған қызметкерге қатысты қозғалды. Оған ауыр зардаптарға әкелген қызметтік әрекетсіздік бабы бойынша айып тағылып, 7 жылға дейін жаза қарастырылған.
Оқи отырыңыз:
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
Жаңалықтар
- Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезіне не болды? Мәдениет министрлігі түсініктеме берді
- Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
- Мұрат Әбенов: Кәсіпкерлік кодекс өзгерді, адамдар қаза тауып жатқан клиникаларды тексеру қажет
- Қайын әпкесіне 32 рет пышақ сұққан: Жангелдин ауылындағы қылмыстың жай жапсары
- Астана маңындағы ауылдағы көкпар жаттығуы оқушы өлімімен аяқталды
- Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде не айтылды?
- Сенат басшысы: Пара беруге уәде еткеннің өзі — қылмыстық жауапкершілік, туыстар бір мекемеде жұмыс істей алмайды
- Айдағы мобильді үй, электр жарығы, интернет: NASA адамзаттың алғашқы 30 күндік үйін салып жатыр
- Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған
- Ертіс көпірінде жүргізуші бір топ баланы қағып, алтауы дәрігер көмегіне жүгінді
- ИРСК АҚШ-тың әуе базасына соққы жасады
- Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады
- 1179 адам бетті жабатын киім кигені үшін жауапкершілікке тартылды
- Тоқаев Әзербайжан және Эфиопия президенттерін құттықтады
- Олжас Бектенов: Жетім балаларға тұрғын үй бөлу процесінің ашықтығы заңмен реттеледі
- Путин Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысады
- Мұхтар Ербаянның жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөліміне түсті
- Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрбан айтпен құттықтады
- Павлодарда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы жансақтау бөлімінде
- Атырауда аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты