Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезіне не болды? Мәдениет министрлігі түсініктеме берді
Фото: Оқырман жолдаған
27 мамыр күні Orda.kz-тің анонимді ботына Түркістаннан алаңдаушылық тудырған фото келіп түсті. Онда ЮНЕСКО-ның бірегей мұра нысаны саналатын, түркі әлемінің ең ірі рухани әрі тарихи-мәдени қасиетті орындарының бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі күмбезіндегі сыртқы қаптама құлағаны жазылған. Алайда редакция бұл жұмыстың арнайы жүргізілгенін анықтады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процесті «ғылыми-қайта жөндеу жұмыстарына дайындық» деп атады. Қазіргі таңда нысанда Қазандық күмбезі қаптамасының өзге бөліктерінің жай-күйін тексеру және оларды толық алып тастау жұмыстары жүріп жатыр.
«Соңғы жылдары Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі Қазандық күмбезінің өрнектелген қаптамасының жекелеген бөліктерінде 2019–2020 жылдары жүргізілген қайта жаңарту кезінде жабынның өзгергенін байқалған. Осыған байланысты «Қазқайтажаңарту» РМК оның техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, ғылыми-қайта жаңарту жұмыстарына дайындық жүргізді. Мамыр айында әлсіз бөліктерді кезең-кезеңімен алу жұмыстары басталды. Сарапшылар апатты фрагменттерді толық ажырату қажеттігін анықтады. Нәтижесінде 27 мамыр күні «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары өрнекті плиталарды алып тастады» деп жауап берді министрлік.
Сондай-ақ ведомство бұл жұмыстар премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жеке бақылауында екенін атап өтті.
«Жағдай тұрақты бақылауда, барлық шешімдер сараптамалық қорытындыларға, ғылыми тәсілдерге және мәдени мұра нысандарын сақтаудың халықаралық стандарттарына сүйене отырып қабылданады. Алаңдауға негіз жоқ, жүргізіліп жатқан жұмыстар жоспарлы, ғылыми негізделген және Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтау, одан әрі зақымданудың алдын алу, сондай-ақ бірегей ескерткішті болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында жүзеге асырылуда» деп жазылған жауапта.
Бұған дейін Бұхарада өткен бейресми кездесу барысында Өзбекстан президенті мемлекет басшысына біршама мұрағат материалдарын табыстады. Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар мен фотосуреттер берілді.
Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды