Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрбан айтпен құттықтады
Фото: Ақорда
Құрбан айт мерекесіне орай әлемдік көшбасшылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақорданың мәліметінше, Тоқаевқа шетел мемлекеттерінің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түскен.
Алғашқы болып көрші мемлекеттің президенті Шавкат Мирзиёев өз құттықтауын жолдады. Мирзиёев құрбан айт ортақ тарих, тіл, дін мен дәстүр біріктіретін халықтар арасындағы бауырластық байланысты нығайта түсетінін атап өтті.
«Ортақ ұмтылыстарымыздың нәтижесінде елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар алдағы уақытта да нығая беретініне сенімдімін», — деді Өзбекстан президенті.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мерекені рухани тазару, қайырымдылық пен бірліктің символы деп атап, оның халықтар арасындағы тарихи достық пен өзара сенімді күшейте түсетініне сенім білдірді.
Ал Эмомали Рахмон Құрбан айттың достықты, өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастықты арттырудағы рөліне тоқталды.
«Ғасырлар бойы бұл қасиетті мереке халықтарды ізгілікке, жомарттыққа, әділдікке, мұқтаж жандарға көмектесуге және өзара қолдауға үндеп келеді» деп жазылған Тәжікстан президентінің жеделхатында.
Сонымен қатар, Сердар Бердымухамедов, Ильхам Әлиев, Мухаммед бен Заид Әл Нахаян, Мухаммед бен Рашид Әл Мактум, Хамад бен Иса Әл Халифа, Әбделмәжмт Теббун және өзге де мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері Қазақстан президентіне құттықтау жолдады.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Павлодар облысында ұшақ апатынан бір ұшқыш мерт болды
Ақтөбелік келіншек Луиш Нанидің футболкасын сатылмыға шығарды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық