Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған
Фото: difa-avk.ru
Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысы үлкен үзіліс кезінде жертөлеге түсіп, бөтелкедегі бензинді ішіп қойған. 15 мамыр күні болған бұл оқиға туралы тек қазір белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Баланың ата-анасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, жағдайдың мән-жайын айтып берді. Олардың сөзінше, оқиға болғаннан кейін бала сыныпқа қайта оралған. Мұғалім бензиннің иісін сезіп, оқушыдан сұрағанда, ол болған жағдайды мойындаған.
Бала өзін қалыпты сезінгендіктен, сабақ тоқтатылмаған, кейін ол үйіне жіберілген. Мұғалім бұл жағдай туралы ата-анасына хабарлаған.
Алайда үйге барған соң баланың жағдайы нашарлап, бірнеше рет құсқан. Ол шұғыл түрде жергілікті ауруханаға жеткізіліп, асқазаны жуылған. Кейін Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жіберілген.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмек уақтылы көрсетілген. Облыстық балалар ауруханасында ем алып, бақылаудан кейін баланың жағдайы тұрақталған, өміріне қауіп жоқ. Қазір ол қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған.
Оқиғадан кейін аудандық білім бөлімі қызметтік тексеріс жүргізді. Мектеп директоры, шаруашылық жөніндегі орынбасары және педагог-ассистент тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Алайда ата-аналар бұл шараларға қанағаттанбағандықтан, білім басқармасында қосымша комиссия құрылған. Сондай-ақ баланың туыстары оқиғадан кейін отбасыдан ешкім кешірім сұрамағанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық