Қайын әпкесіне 32 рет пышақ сұққан: Жангелдин ауылындағы қылмыстың жай жапсары
Фото: Бейнежазбадан кадр
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Жангелдин ауылындағы атышулы іс бойынша сот отырысы жалғасты. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтіргенін жоққа шығарып, мұны өзін-өзі қорғау кезіндегі абайсыздық деп түсіндірді. Алайда қалған үш құрбанды әдейі өлтіргенін растады. Сотталушы Мақсот Қарабалинге – 9, Өтешқалиеваға – 8, Наурыз Мұқанғалиевге – 10, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын ашық айтты.
Бүгін прокурорлар оған айып тақты. Прокурор іс бойынша эпизодтардың бірін — айыпталушының жұбайының бауыры Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру оқиғасын жария етті.
Айта кетейік, бір отбасының мүшелері әртүрлі уақытта қаза тапқан. Наурыз Мұқанғалиев бір жылдан бұрын Атырау маңындағы Геолог ықшамауданында жалға алынған үйде өлтірілген.
Тергеу деректеріне сәйкес, Наурыз Мұқанғалиевтің денесі ұзақ уақыт топырақ астында жатқан, қылмыстан 6–8 ай өткен соң табылған.
Іс материалдарына сай, кісі өлтіргеннен кейін Сұлтан Сарсемалиев қылмыс ізін жасыруға тырысып, мәйітті өзі жалға алған Геолог ауылындағы үйдің ауласына көмген.
Тергеу анықтағандай, ол шұңқыр қазып, марқұмның денесін сол жерге апарып көміп, жерленген орынды мұқият жасырған.
Прокурор сот отырысында оқиғаның мән-жайын былай деп баяндады:
«Қылмыс жасағаннан кейін Сарсемалиев қараңғы түскенін күткен, куәгерлерден қашу үшін. Шамамен түн ортасында ол күрек алып, үй ауласының оңтүстік бөлігінде шұңқыр қазған. Жерлеу орнын ғимарат іргетасынан небәрі 60 сантиметр жерге орналастырған. Таңғы үштер шамасында ол тереңдігі шамамен бір метр, ені 80 сантиметр болатын шұңқыр қазып бітірген», — деді прокурор.
Кейін айыпталушы марқұмның жеке заттарын ақтарып, оның жеке куәлігін, банк картасын, ұялы телефонын және қолма-қол ақшасын алып кеткен. Оқиға ізін жасыру үшін үйді ретке келтіріп, күдік тудыруы мүмкін заттардан құтылған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Наурыз Мұқанғалиевтің денесі топырақ астында 6–8 ай жатқан. Осы уақыт ішінде тіндерде айқын шіру өзгерістері пайда болып, алғашқы тексеру кезінде өлімнің нақты себебін анықтау қиынға соққан.
Прокурордың айтуынша, қылмысты толық жасыру үшін Сарсемалиев үйді мұқият жуып, қан іздерін кетірген. Кісі өлтіру құралы — ас үй пышағы, сондай-ақ Наурыздың денесі оралған кілемді үйге қарама-қарсы орналасқан қоқыс полигонына апарып, толық өртеп жіберген.
Іс материалдарына сәйкес, бұл қылмыс Сұлтан Сарсемалиев пен бұрынғы жұбайының туыстары арасындағы ұзаққа созылған отбасылық жанжал аясында болған. Тергеу нұсқасы бойынша негізгі келіспеушіліктер балаларының тұрғылықты жері мен тәрбиесіне қатысты мәселелерден туған.
2025 жылдың желтоқсан айының соңында туыстары ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен олардың ересек балаларының жоғалғанын хабарлаған. Кейін олардың үйден белгісіз бағытқа шығып кеткені және содан бері қайда екені белгісіз болғаны айтылған.
Оқи отырыңыз:
Айдағы мобильді үй, электр жарығы, интернет: NASA адамзаттың алғашқы 30 күндік үйін салып жатыр
Жаңалықтар
- Мұрат Әбенов: Кәсіпкерлік кодекс өзгерді, адамдар қаза тауып жатқан клиникаларды тексеру қажет
- Қайын әпкесіне 32 рет пышақ сұққан: Жангелдин ауылындағы қылмыстың жай жапсары
- Астана маңындағы ауылдағы көкпар жаттығуы оқушы өлімімен аяқталды
- Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде не айтылды?
- Сенат басшысы: Пара беруге уәде еткеннің өзі — қылмыстық жауапкершілік, туыстар бір мекемеде жұмыс істей алмайды
- Айдағы мобильді үй, электр жарығы, интернет: NASA адамзаттың алғашқы 30 күндік үйін салып жатыр
- Ақтөбе облысында бірінші сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған
- Ертіс көпірінде жүргізуші бір топ баланы қағып, алтауы дәрігер көмегіне жүгінді
- ИРСК АҚШ-тың әуе базасына соққы жасады
- Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады
- 1179 адам бетті жабатын киім кигені үшін жауапкершілікке тартылды
- Тоқаев Әзербайжан және Эфиопия президенттерін құттықтады
- Олжас Бектенов: Жетім балаларға тұрғын үй бөлу процесінің ашықтығы заңмен реттеледі
- Путин Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысады
- Мұхтар Ербаянның жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөліміне түсті
- Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрбан айтпен құттықтады
- Павлодарда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы жансақтау бөлімінде
- Атырауда аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
- Павлодар облысында ұшақ апатынан бір ұшқыш мерт болды
- Ақтөбелік келіншек Луиш Нанидің футболкасын сатылымға шығарды