Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
Бейнеден кадр
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір адам жол апатынан қаза тапты. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыдағы басты автомагистральдің бірінде тағы да жол-көлік оқиғасы болды. Автокөлік дөңгелегінің астында қалып, бір әйел қаза тапты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның егжей-тегжейін мәлімдеді.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 наурызда түнгі сағат 22:50 шамасында Бостандық ауданында болған. Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Mitsubishi Delica жүргізушісі Розыбакиев көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Ауыр соққыдан жаяу жүргінші сол жерде тіл тартпай кетті.
Қазіргі уақытта кісі өліміне әкеп соққан бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұл — әл-Фараби бойындағы алғашқы қайғылы жағдай емес. Жақында ғана осы даңғылда үш адамның өмірін қиған ірі жол апаты болған еді. Желі қолданушылары сол оқиғаға күдікті кәсіпкерді қатаң жазалауды талап етті. Оқиғаға кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін.
Полиция мәліметінше, бұл оқиғаның барлық қатысушылары мен оған қатысы бар адамдар анықталды. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Ал көліктер айыппұл тұрағына қойылды.
Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларындағы барлық жазбаларды, соның ішінде жеке бейнежазбаларды тәркіледі, олар қылмыстық іс материалдарына қосылып, егжей-тегжейлі зерттеліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық