Олжас Бектенов: Жетім балаларға тұрғын үй бөлу процесінің ашықтығы заңмен реттеледі
Фото: info.homsters.kz
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің мәлімдеуінше елімізде бұған дейін талап етілген жетім балаларға тұрғын үй алу үшін үш жылдық тіркеу талабы жойылатын болды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға сәйкес, жетім балаларға тұрғын үй алу үшін бұрын қойылатын үш жылдық тіркеу талабы енді болмайды.
«Жетім балалар коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған баспанадан бірінші кезекте үй алуға құқылы (Заңның 74-бабы). Енді оларды есепке қою үшін республикалық маңызы бар қалалар мен астанада үш жылдық тіркеу талабы алып тасталды. Бір облыс ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, олардың бастапқы есепке қойылған күні сақталады. Сондай-ақ, олар тұрғын үй алғанға дейін мұқтаждар тізімінен шығарылмайды (Заңның 71-бабы, 2-тармақ)», – деді Бектенов сенатор Андрей Лукиннің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесіне қатысты сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында жетім балалар ұйымдары түлектерін сүйемелдеу тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ жастар үйлерін әлеуметтік бейімдеу орталықтарына айналдыру шаралары қарастырылған.
Премьер тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына тоқтала келе, заңға сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы орган жалға алған баспанадан бірінші кезекте үй алу құқығына ие екенін тағы да атап өтті.
«Тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, коммуналдық тұрғын үй беру немесе жалға алынған баспана ұсыну, жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысының 50%-ын субсидиялау, «Отбасы банк» АҚ арқылы 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру, «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша 7% мөлшерлеме, сондай-ақ 1,5 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаттарын ұсыну (Заңның 10-8-бабы)», – деді үкімет басшысы.
Оның мәліметінше, 2025 жылы жетім балаларға 447 несие берілген, оның ішінде 2% мөлшерлемемен – 259, 5% мөлшерлемемен – 188 несие. Сондай-ақ 109 балаға жалдау ақысы субсидияланған. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 36 тұрғын үй сертификаты берілген.
Бұдан бөлек, «Білім туралы» заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмыспен қамтып, баспанамен қамтамасыз етуі тиіс (6-бап). Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Мейірім» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында әрбір жетім балаға кәсіп таңдауға, жұмысқа орналасуға және баспанамен қамтылуға көмектесетін «патронаттық» ұйым бекітіледі.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2779 жетім бала бизнес субъектілеріне, екінші деңгейлі банктерге және түрлі мемлекеттік әрі жеке ұйымдарға бекітілген. Олар «Отбасы банк» АҚ-дағы балалардың шоттарына 835,5 млн теңгеден астам қаражат аударған.
Сонымен қатар, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында өнеркәсіп және құрылыс, ағарту, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне талдау жүргізуде. Тұрғын үй беруді бақылау және мониторинг жүргізу бойынша арнайы Жол картасы әзірленген.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру мәселесіне тоқталған Бектенов тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, тіркеу және тұрғын үй бөлу процестері «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» атты бірыңғай республикалық электронды база арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Оның операторы – ұлттық даму институты мәртебесіне ие «Отбасы банк» АҚ.
Бұл база толық автоматтандырылған және egov.kz, халық және жылжымайтын мүлік деректер базалары, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау жүйелерімен біріктірілген. Мұның бәрі адам факторын азайтып, тұрғын үй бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Премьердің айтуынша, тұрғын үй бөлу процесінің ашықтығы заңмен реттеледі.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және үкіметтің тұрақты бақылауында», – деп түйіндеді Олжас Бектенов.
Мұқтаждар тізімі ай сайын «Отбасы банк» сайтында жарияланып отырады, ал соңғы екі жылда мемлекеттік қолдау алған азаматтар туралы мәліметтер сұраныс бойынша ұсынылады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық