Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
Фото: ҚР ІІМ мұрағаты
4 наурызда ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматының әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты резонансты іс бойынша жұмыстың күшейтілген жағдайда жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ержан Сәденовтің сөзінен ведомство Алматыдағы резонансты жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеу үшін кешенді шаралар қабылдап жатқаны белгілі болды.
Министрдің мәліметіне қарағанда апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, ZEEKR автокөлігінің күдікті жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің мас болғаны да анықталды. Сондай-ақ бұрынғы полиция қызметкерінің ықтимал әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз беру фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалды.
Сонымен қатар тергеу барысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында.
«Тергеу барысы президенттің жеке бақылауында. Кінәлілердің барлығы мәртебесі мен жағдайына қарамастан заңға қатаң сәйкес жауапкершілікке тартылады» деп жазды ІІМ басшысы Ержан Сәденов.
Оның айтуынша, полиция қазақстандықтардың барлық ақпаратын, соның ішінде әлеуметтік желілерде айтқан деректерді түгел тексеруде. Алматыға ІІМ-нің арнайы комиссиясы жіберілген. Тексеру қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктер үшін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының бірнеше басшысы қызметтерінен босатылды.
Атап айтсақ, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы, Алматы қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
Ведомство сондай-ақ қызметтік тәртіпті нығайту және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.
«Қалаға басқа өңірлерден күшейтілген полиция жасақтары жіберілді. Кең ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Алғашқы күндері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4,8 мыңнан астам дерегі анықталды, оның ішінде мас болып көлік басқару, қарсы жолаққа шығу, жалған нөмірлік белгілерді пайдалану және тиісті құқығы жоқ көлік жүргізу фактілері бар. 2 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды» деп жазды Сәденов.
Сонымен қатар министр осындай күшейтілген тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.
Еске салсақ, ZEEKR көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Адам өліміне әкелген жол апаты 21 наурызға қараған түні шамамен сағат 03:30-да әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған.
Күдікті дене жарақаттарын алып, қазіргі уақытта медициналық мекемеде күзетпен жатыр. Жағдайы тұрақталғаннан кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалады. Сондай-ақ жүргізушіге алкогольді ішімдік қолдану фактісі бойынша сараптама тағайындалды.
Осы іске қатысты қала жұрты ғана емес барлық жұрт шулай бастаған соң Алматы полициясы әл-Фараби даңғылындағы өліммен аяқталған жол апатына өз қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын тексеруге кірісті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық