Сенат басшысы: Пара беруге уәде еткеннің өзі — қылмыстық жауапкершілік, туыстар бір мекемеде жұмыс істей алмайды
Istockphoto
Пара беруге уәде еткеннің өзі — қылмыстық жауапкершілік. Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай елімізде пара беруге уәде еткен адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Telegram-дағы парақшасында сенаторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша және соған ілеспе бірқатар заңдарды қабылдағанын хабарлады.
Жаңа нормалар жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, жауапкершілікті күшейтуге және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысын жоюға бағытталған.
«Мүдделер қақтығысының алдын алудың толыққанды тетігі енгізіледі, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға қызметтік өкілеттіктерін жеке мүддесіне пайдалануға тыйым салынады. Жеке мүдделерді декларациялау міндеті белгіленеді және мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда әрекет етудің нақты тәртібі айқындалады» деп жазды ол.
Сонымен қатар туыстар мен байланысты тұлғалардың бірге қызмет атқаруына қойылатын шектеулер күшейтіледі. Бұл шектеулер енді тек тікелей бағыныштылыққа ғана емес, сондай-ақ жанама ықпал ету, ішкі бақылау, кадрлық сүйемелдеу және өзге де әсер ету түрлеріне қатысты қолданылады.
Мәселен, бір ведомствода басшының жиендері, қайындары, құдалары, қайнағалары, күйеу балаларының жұмыс істеуіне тыйым салынады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар шеңбері кеңейтіледі. Олардың қатарына квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен бюджет және Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын жобаларға қатысушылар да кіреді. «Е-қызмет» цифрлық кадрлық жүйесінің жұмысы заң жүзінде бекітіледі, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кадрлық процестер бірыңғай цифрлық форматқа көшіріледі», – деді Сенат аппаратының басшысы.
Сондай-ақ Максим Споткай Қазақстанда тек пара алу мен беруге ғана емес, сонымен бірге пара беруге уәде етуге, ұсынуға немесе талап етуге де қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін атап өтті.
Бұдан бөлек, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда заңсыз сыйақы алу үшін жауапкершілік күшейтіледі.
«Заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілігі артады. Жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының ескіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты шектеулер нақтыланады: мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға өмір бойы жұмысқа орналасуға тыйым салынады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық