Атырауда аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Фото: ЖИ арқылы жасалды
Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан Кызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 26 мамыр күні таңертең болған, 45 жастағы Ерболат Иғали жұмысқа бара жатқан жолда көз жұмды. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Миялы – Сағыз тасжолында 27 жастағы Toyota Prado көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, бұл қызметтік көлік болған, онда Ерболат Иғали жүргізушімен бірге жұмысқа бара жатқан. Атырау облысы әкімдігі де мемлекеттік қызметшінің қазасын растады.
«Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз» деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық