Әл-Фарабидегі апат: Күдікті заңға сай жаза алуға дайын екенін айтты
Фото: Orda.kz
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол-көлік апаты бойынша ZEEKR электромобилінің жүргізушісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда үш адамның өмірін қиған ірі жол апатына қатысты сот басталды. Айыпталушы – 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак сот залына балдақпен келіп заңда көрсетілген жазасын өтеуге дайын екенін жеткізді. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша («Алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») айыбы тағылып отыр.
Айта кетейік, сот процесі ашық өтті. Сот залында күдікті өзін фото-видеоға түсіруге қарсы екенін айтып, БАҚ өкілдерін қатыстырмауды сұрады. Ал жәбірленуші тараптың қорғаушылары соттың ашық процес екенін айтып өз қарсылығын білдірді. Сонымен қатар, күдікті қылмыстық іс материалдарымен қайта танысуға уақыт сұрап, аяғында жарақаты болған соң сот залына келмей сотқа онлайн қатысу туралы өтінішхатын айтты. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап та өздерін БАҚ өкілдеріне фото-видеоға түсірмеуді сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы Әлібек Тынысбек Александр Пактың жол-көлік апатына ұшырағанда ішімдік ішкенін айтты.
«Сотталушы жеңіл дәрежеде мас болған, (1,30 промилле) оған қоса тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмір тағылған Zeekr электрокарымен 219 шқ/сағ жылдамдықпен қарсы бетке шығып, Mercedes-Benz 300C көлігімен соғысып жол-көлік оқиғасына себеп болды. Соның салдарынан үш адам қаза тапты», — деді прокурор.
Соққыдан Mercedes-Benz-тің 29 жастағы жүргізушісі мен 2003 және 2005 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Жәбірленуші тараптың бірінің қорғаушысы заңгер Шекеев 100 млн теңгеге жуық моралдық талап-арыз беретінін айтты.
«Мен қорғаушы ретінде 100 млн сұраймын, оның да несиесі қарызы болған, оның үстіне адам өліп отыр. Заң бойынша жазасы 7-10 жыл аралығында алады. Алайда ол кісі абайсызда адам өлтірді деген баппен сараланып отыр. Бұл жерде заң сондай сондықтан баптың шеңберінен шыға алмаймыз. Сосын ол жазасын қатаң түрдегі түрмеде емес. Қоныс колониясы санатындағы түрмеде, яғни жеңіл санатты түрмеде өтейді», – деді Шекеев.
Сот залында сотталушы Пак марқұмдардың жақындарынан жылап кешірім сұрады.
«Мен жәбірленуші тараптан кешірім сұраймын. Сіздерге өз көмегімді аямауға дайынмын. Ешқандай сөз сіздерге көмектесе алмайтынын білемін, әр отбасыға қайғы әкелгенімді де түсінемін. Дегенмен де сіздерден кешірім сұраймын. Заңға сай жазамды алуға дайынмын», – деді сотталушы.
Судья Еркін Майшынов ақылдасу бөлмесінде бір сағаттай уақыт болып жоғарыда тараптардың айтқан өтінішхатына қатысты шешім шығарды. Енді келесі сот отырысынан бастап не күдікті, не жәбірленуші тарапты фото-видеоға түсіруге болмайды. Келесі сот отырысы 1 маусымда жалғасады.
Еске сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы қоғамда кеңінен резонас алып, оқиға президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін жеткен еді.
Оқи отырыңыз:
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша үш қылмыстық іс тергеліп жатыр
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық