Түркияда қазақ жігіттері киіз үй тігіп жатыр
Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақ жігіттері киіз үй тігіп жатыр. Қазақстан халқы бауырлас Түркия еліндегі табиғи апатқа қатысты 20 миллион теңге жинады. Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау әлеуметтік желіде айтты.
Журналистің айтуынша, қазақстандықтар киіз үй сатып алу үшін 20 миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Оның ішінде 17 миллион теңгеге 45 киіз үй сатып алынса, қалған қаражатқа тұрмыстық заттар сатып алынды.
«Ал құрметті бауырларым, аға-әпкелерім: Сіздердің қаражатпен жиналған киіз үйлерді Түркияға апару, құрастыру үшін арнайы тобым ұшаққа отырды. Кіл сайдың тасындай іріктелген! Мен кеше келіп алдым. Бүгін қарсы алып, осы топпен зілзаладан қираған қалалар жанына боз үйлерді тігеміз. Ошақ орнатып, қазанда ас қайнатып, бір туғандарға болысамыз. Артығымен айту күллі түріктекті жұртқа тән екен ғой. 30 киіз үйді 300 келді, - дейді. Бұл қарағандылық ағайынның боз үйлері. Ертең 84 киіз үй келуі керек, - деді журналист» деп жазды Нұрбек Бекбау.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады