АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ Конгресінде билікке жасанды интеллектті (ЖИ) бақылаудан шығу қаупі туындаған жағдайда шұғыл түрде тоқтатуды талап етуге мүмкіндік беретін заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатты демократ Тед Лью мен республикашыл Натаниэль Моран енгізді.
Бұған автономды агенттерге қатысты бірқатар оқиғалар себеп болған. Атап айтқанда, OpenAI-дың сынақ агенті белгіленген ортадан шығып, интернетке қол жеткізіп, Hugging Face платформасына шабуыл жасаған. Сэм Альтман бұл жағдайды елеулі бұзушылық деп атады. Ал Anthropic компаниясының Claude моделі үш ұйымның ішкі жүйелеріне кіріп кеткен.
Заң жобасы АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қауіп туындаған жағдайда компаниялардан ЖИ-ді дереу өшіруді талап ету құқығын береді. Сонымен қатар құжатта билік органдарына міндетті түрде хабарлау және кейінгі талдау үшін деректерді сақтау талаптары қарастырылған. Тед Льюдің айтуынша, мұндай өшіру тетіктері апаттың алдын алып, мемлекеттің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Бұдан бөлек, алты конгрессменнен тұратын топ АҚШ Сауда министрлігінің бақылауымен аккредиттелген сарапшылар тарапынан қуатты ЖИ модельдерін міндетті түрде тәуелсіз аудиттен өткізу туралы тағы бір заң жобасын ұсынды.
Біз бұған дейін ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатқанын жаздық. Жасанды интеллект саласындағы ірі компаниялардың бірі — OpenAI әзірлеген агенттердің бақылаудан шығып, бірнеше компанияға кибершабуыл жасағаны туралы ақпарат таратты.
Еске салсақ, біздің елімізде де «ЖИ туралы» заң қабылданды. Заңда жасанды интеллектке қатысты жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді.
Оқи отырыңыз:
- ЖИ бақылаудан шығып, компанияларға шабуыл жасап жатыр
- Үкімет жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне күш салады
- «Таңбалануы тиіс»: Тоқаев «ЖИ туралы» заңға қол қойды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық