Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
Бейнеден скриншот
Жетісайдағы тойда айтылған сөзінен кейін Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның мәлімдемелерінен діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері байқалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде кең таралған видеода ер адам «дұрыс» тойлар тек ішімдіксіз ғана емес, музыкасыз және өнерпаздарсыз өтуі керек екенін айтқан. Сондай-ақ ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызу қажет екенін нұсқаған еді.
«Әншілер маған ренжімесін. Шариғатта оларды «шайтанның жаршылары» деп атайды» деген болатын той қонағы.
Ол бұдан бөлек әйелдерді «ұрғашылар» деп атап, қазақы ұғымға келмейтін қорлайтын сөздер де айтқан.
Аталған видеоны полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықтаған. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша тіркелді.
«Адамның қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулерге жол берілмейді», деп атап өтті құзырлы орган.
Бұл даулы видеоға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да пікір білдірді. Онда діни тақырыпта көпшілік алдында сөйлеу үлкен жауапкершілікті талап ететіні айтылды.
Муфтияттың түсіндіруінше, ислам барлық музыканы бірдей тыйым салмайды. Ғалымдардың пікірінше, ата-анаға құрметті, Отанға сүйіспеншілікті насихаттайтын, ізгілікке шақырып, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шығармаларға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ ҚМДБ өнер өкілдерін көпшілік алдында қорлау мен әйелдерді кемсітуге жол берілмейтінін атап өтті. Қазақстандықтарды сөзге жауапкершілікпен қарап, діни білімді тек сенімді дереккөздерден алуға шақырды.
Еске салсақ, бұл дау Роза Әлқожаның әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Әнші Роза Әлқожа мен басқа да өнер өкілдеріне қатысты айтылған пікір қоғамда қызу талқыға түсті. Ол тойдағы адамның сөздері жеке басқа тіл тигізу, қорлау және буллинг екенін айтып, Жетісай әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен Дін істері басқармасынан бұл мәселеге назар аударып, тиісті баға беруді сұраған болатын.
Бұл жағдайға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де пікір білдірді. Ол Қазақстан зайырлы мемлекет екенін, ел заңдары діни шектеулерден жоғары тұратынын еске салды.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық