Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
Фото: instagram.com/roza_alqozha/
Соңғы уақытта қоғамда дін мен дәстүрдің арақатынасы жиі талқыланып жүр. Әсіресе, кейбір діни көзқарастардың ұлттық құндылықтармен қабыспай жатуы халық арасында алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды Orda.kz.
Осындай жағдайлардың бірі жуырда Жетісай өңірінде болды деп, әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріпті.
Белгілі әнші Роза Әлқожа мен басқа да өнер өкілдеріне қатысты айтылған пікір қоғамда қызу талқыға түсті.
Жетісай қаласында өткен тойлардың бірінде келіннің туысы сөз сөйлеп, көпшілік жиындардағы музыка туралы айтып, ерлер мен әйелдердің бірге отыруына қарсылық білдіріпті. Ол тойда музыка ойналмауы тиіс екенін айтып, әншілерді шариғатта «шайтанның азаншысы» деп атайтынын айтқан. Сонымен қатар, ол асабаға алдағы уақытта осы жайттарды ескеруді ұсынған.
Бұл жиынға қонақ ретінде қатысқан әнші Роза Әлқожа оқиғаның видеосын желідегі парақшасында жариялады. Өнер иесі ер адамның пікірінен теріс діни ағымның сарыны байқалуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.
«Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе?» деп жазды әнші.
Ол Жетісай әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен Дін істері басқармасынан бұл мәселеге назар аударып, тиісті баға беруді сұрады.
«Маған жасаған буллинг үшін жауап бола ма? Жеке басқа тиісу, қорлау бойынша қандай бап бар? Заңгерлер болса жаза отырыңыздар!» деп қосты Роза Әлқожа.
Әншінің ойынша жеке басқа тіл тигізу, қорлау және буллинг. Қоғамда әр адам өз пікірін айтуға құқылы болғанымен, бұл өзгені кемсітуге немесе ар-намысына тиюге негіз болмауы тиіс.
Біз кеше ғана мешітке келген жасөспірімдердің бірінің мұрнын сындырып, екіншісінің миын шайқаған адам сотталғанын жаздық. Ақтөбе қаласындағы бас мешітте жасөспірімдерге күш қолданған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот үкімімен айыпталушы Бауыржан Оралов 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Қазақ қоғамы әрдайым кеңпейілділік пен сабырлылықты жоғары қойған. Сондықтан да кез келген пікір айтқанда, оның салдары мен әсерін ескерген жөн.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық