Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ президенті Иран билігі қақтығысты реттеу мәселесінде екіжақты саясат ұстанып отыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Тегеран алдымен Вашингтонмен келіссөз жүргізуді сұрап, кейін көпшілік алдында ешқандай байланыс жоқ екенін айтқан.
Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Трамп Иран жағы кездесуді өзі ұсынғанын мәлімдеді. Осыдан кейін талқылаулар басталып, жақын арада жаңа байланыстар жоспарланған.
«Иран басшылығы керемет екіжүзді! Олар кездесуді сұрайды, кейбіреулер айтқандай — «жалынады», келіссөздер басталады, жақын арада жаңа кездесулер жоспарланады, бірақ сонымен қатар олар ашық түрде ешқандай талқылау жоқ деп мәлімдейді және тек Оманмен ғана жұмыс істеп жатқанын айтады» деп жазды Трамп.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Тегеранның Ормуз бұғазын бақылауда ұстап отырғаны туралы мәлімдемелерді сынады. Оның айтуынша, бұл аймақ қазірдің өзінде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бақылауында.
«Біз қаламасақ, Иранға ештеңе жетпейді және келісім жасалмайынша немесе толық капитуляция болғанға дейін ештеңе жеткізілмейді» деп жазды Трамп.
Ол сондай-ақ Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайтынын тағы да атап өтті.
Мәлімдемеге 3 тамызда өтуі мүмкін болған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер туралы хабарлар себеп болды. Бұған дейін, 2 тамызда, Трамп Иранға соққы жасау жоспарын келісімге келу мүмкіндігі пайда болғандықтан тоқтатқанын айтқан. Оның сөзінше, егер келісімге қысқа мерзімде қол жеткізу мүмкін болса, АҚШ әскери операцияны уақытша тоқтатуға дайын болған.
Алайда АҚШ президенті әдеттегідей кездесуге кімдер қатысатынын және оның қай жерде өтетінін нақтыламады.
Өз кезегінде Иран Сыртқы істер министрлігі Вашингтонмен келіссөздердің бар екенін жоққа шығарды. Ведомство өкілі Эсмаил Бағаи америкалық тараппен ешқандай кездесу жоспарланбағанын айтып, Тегеран тек Ормуз бұғазына қатысты мәселелер бойынша Оманмен кеңес жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Reuters агенттігінің мәліметінше, қазіргі жағдай АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» операциясы басталғаннан кейінгі сценарийді қайталап отыр. Трамп бұған дейін бірнеше рет Иранға қарсы күш қолдануға дайын екенін мәлімдегенімен, кейін әскери әрекеттерді тоқтату үшін дипломатиялық байланыстарға сілтеме жасап, өз удесін бірнеше рет өзгерткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық