Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
Фото: Orda.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жетісайдағы отбасылық тойда айтылған уағызға қатысты пікір білдірді. Онда бір ер адам «әншілер – шайтанның жаршылары» деп мәлімдеп, қоғамда бұрыннан бар «музыкаға исламда тыйым салынған» деген түсінікті қайталаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл сөздер қоғамда үлкен сынға ұшырап, тіпті бұл жағдайға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де пікір білдірді. Қарин тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалғанын, шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат екенін жазды.
Муфтияттың түсіндіруінше, исламда арсыздыққа, азғындыққа және шариғатта тыйым салынған әрекеттерге шақыратын әндер құпталмайды. Ал діни және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, Отанға деген сүйіспеншілікті, ата-анаға құрметті, адамгершілік пен ізгі амалдарды насихаттайтын шығармаларға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ ҚМДБ ислам діні адамдарды даналықпен насихаттауға, айналадағыларды қорламауға және әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге шақыратынын еске салды.
Осыған байланысты өнер иелеріне жаппай айып тағу және әйелдерге қатысты қорлайтын сөздер айту — қабылданбайтын әрекет екені атап өтілді.
Еске салсақ, бұл дау Роза Әлқожаның әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Әнші Роза Әлқожа мен басқа да өнер өкілдеріне қатысты айтылған пікір қоғамда қызу талқыға түсті. Ол тойдағы адамның сөздері жеке басқа тіл тигізу, қорлау және буллинг екенін айтып, Жетісай әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен Дін істері басқармасынан бұл мәселеге назар аударып, тиісті баға беруді сұраған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық