Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады

cover

Жетісай қаласында өткен тойлардың бірінде келген қонақ әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атап, сол тойда болған белгілі әнші әлеуметтік желіде ренішін жазды. Бұл жағдайға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Әлеуметтік желілерде Жетісай ауданындағы тойдан түсірілген видео тарады. Жетісай қаласында өткен тойлардың бірінде келіннің туысы сөз сөйлеп,  тойда музыка  ойналмауы тиіс екенін айтып, әншілерді шариғатта «шайтанның азаншысы» деп атайтынын айтқан еді. 

Сонымен қатар, ол көпшілік жиындардағы музыка туралы айтып, ерлер мен әйелдердің бірге отыруына қарсылық білдіріпті. Ол асабаға алдағы уақытта осы жайттарды ескеруді ұсынған.

Бұл жиынға қонақ ретінде  қатысқан әнші Роза Әлқожа оқиғаның видеосын желідегі парақшасында жариялады. Өнер иесі ер адамның пікірінен теріс діни ағымның сарыны байқалуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

Тілектің орнына қонаққа келген ер адам уағыз айтып, музыкадан бас тартуға шақырған. Сондай-ақ ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызуды ұсынған. Ал шақырылған өнерпаздарды «шайтанның жаршылары» деп атаған. Әйелдерге қатысты «ұрғашылар» деген сөз қолданған.

Тойға қатысқан әнші Роза Әлқожа бұл сөздерді қорлау және буллинг деп бағалады. Ол ақша төленсе де мұндай қарым-қатынасқа төзбейтінін мәлімдеді.

Бұл жағдайға президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин де пікір білдірді. Ол Қазақстан зайырлы мемлекет екенін, ел заңдары діни шектеулерден жоғары тұратынын еске салды.

«Өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою – шектен шығу. Адамдарды көпшілік алдында кемсіту және өз пікірін әдейі таңу – әдеп нормаларына қайшы», – деді ол. 

Қарин тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалғанын, шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат екенін жазды. 

«Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады. Сол секілді, өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою да – асыра сілтеушілік. Мемлекетіміз таңдаған жол бұл емес. Керісінше, еліміз білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке басымдық беріп келеді.
Көпшілік алдында адамдарды бұлайша алалау, өз пікірін қасақана тықпалау әдептілікке жатпайды. Біз өзара құрмет пен мәдениетті биік қоямыз. Еліміздің жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғаны да сондықтан» деп жазды ол. 

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қариннің пікірінше,  ұлттық болмыс пен елдік ұстанымдарға қайшы келетін мұндай әрекеттерге қоғам болып тосқауыл қоюымыз қажет.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар