«Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
Фото: yandex.kz
Қарағандыда үш бейтаныс әйел 78 жастағы зейнеткерге «дуа жасалғанын» айтып, 15 миллион теңгесін қағып алғаны аздай, мазақ қылғандай қолына «қарғысты қайтаратын» таза қағаз ұстатып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Кейуанадан тіс дәрігеріне қалай баруға жол сұраған үш келіншек зейнеткердің бар жиған-тергенін үптеп кеткен. Әңгіме барысында олардың бірі әжейге бұрыннан сіңіп қалған «қарғыс барын» айтқан. Алаяқтар зейнеткерді қорқытып, бұл «қарғыстың» кесірінен жақындарының бірі қайтыс болуы мүмкін екенін жеткізген. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.
«Қарғысты қайтару» үшін олар оны шикі жұмыртқаға көшіру керек екенін айтқан. Қорқып кеткен әйел үйінен жұмыртқа әкеліп береді. Кейін бейтаныс адамдар одан алтын әшекейлерін шешіп, ақшасын алып, барлығын газетке орап беруді сұраған.
Осыдан кейін олар зейнеткерге мөрленген түйіншек беріп, оны 40 күннен кейін ғана ашуды, ішіндегісін өртеп, күлін сол жерге алып келуді тапсырған. Алайда түнде әйел түйіншекті тексермекші болғанда, ішінен тек ештеңе жазылмаған ақ қағаз шыққан.
Жалпы құны 15 млн теңге болатын ақша мен әшекейлер үш келіншектің қолында кеткен.
Зейнеткер күдіктілердің сыртқы келбетін полицияға толық сипаттап берген. Жедел қызметкерлер олардың Павлодар, Алматы және Жетісу облысының тұрғындары болуы мүмкін екенін анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл әйелдер осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы болуы ықтимал.
Жәбірленушінің берген нақты сипаттамаларының арқасында Қарағанды облысы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсіп, қолға түсірген. Тергеу барысында олардың Павлодар және Алматы қалаларының, сондай-ақ Жетісу облысының тұрғындары екені және осыған ұқсас алаяқтық әрекеттерге бұрын да қатысы болуы мүмкін екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті әйелдер ұсталды.
Оқи отырыңыз:
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық